«Әлемдегі алғашқы гей имам» оққа ұшып, мерт болды
Оңтүстік Африкада әлемдегі алғашқы ашық гей имам атанған Мухсин Хендрикс атып өлтірілді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі BBC арнасына сілтеме жасап.
57 жастағы діни қызметкер Кейптаундағы гейлер мен басқа маргиналды мұсылмандар үшін баспана болған мешітті басқарған.
15 ақпан күні таңертең Хендрикс пен жүргізуші Хейли-Плейде алтын түсті VW TRoc көлігімен келе жатқан. Олардың алдынан күміс түсті екі орындықты Hilux көлігі келіп, қашып кетуіне кедергі жасаған.
"Бетін жауып алған екі күдікті автомобильден түсіп, көлікке оқ жаудырған", – делінген полиция хабарламасында.
Халықаралық лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, транс және интерсекс қауымдастығының (ILGA) атқарушы директоры Джулия Эрт билік органдарын "жек көрушіліктен жасалған қылмыс" бойынша тексеріс жүргізуге шақыры.
"Ол Оңтүстік Африкада және бүкіл әлемде көптеген адамдардың өз сенімін табуына көмектесті. Көп адамға тәлімгерлік етті", – деді ол.
Хендрикс лесбияндық үйлену тойына қатысқаннан кейін өлтірілді. Алайда бұл ресми ақпарат емес. Шабуылдың егжей-тегжейі әлеуметтік желіде жарияланған бейнебақылау камерасына түсірілген видеолардан анықталды. Онда Хендрикс мінген көлік жол жиегінен шығып кеткенін және жолын күдіктілердің бөгегенін көруге болады.
Полицияның мәліметінше, имам артқы орындықта болған.
Кадрлардан шабуылдаушының өз көлігінен секіріп түсіп, буксирге қарай жүгіріп, артқы жолаушылар терезесінен бірнеше рет оқ атқанын көруге болады.
Хендрикстің әл-Гурбаа қорының басқарма төрағасы Абдулмажит Петерсен ізбасарларын шыдамды болуға шақырып, имамның отбасын қорғау керегін айтты.
Оңтүстік Африканың конституциясы адамдарды жыныстық бағдарға байланысты кемсітушіліктен қорғайтын әлемдегі бірінші конституция болды. Ол 2006 жылы бір жынысты некені заңдастырған Африкадағы алғашқы мемлекет. Бірақ ЛГБТ қоғамдастығына қарамастан, гейлер әлі де кемсітушілік пен зорлық-зомбылыққа тап болып отыр. Сондай-ақ бұл ел адам өлтіру деңгейі бойынша әлемде бірінші орында.
Хендрикс 1996 жылы гей ретінде танылып, Кейптаундағы және басқа жерлердегі мұсылман қауымын таңғалдырды. Ол инклюзивті әл-Гурбаа мешітін құрмас бұрын The Inner Circle ұйымын құрды. Ол 2022 жылы "Радикал" деп аталатын деректі фильмнің тақырыбына айналды. Онда Хендрикс өзі тап болған қауіпті жағдайлар туралы сөз қозғады.
Өткен жылы Кейптаундағы ILGA дүниежүзілік конференциясында ол: "Дінге жау ретінде қарауды доғарғанымыз жөн" деді.
Ашық гей-англикандық діни қызметкер, Реверенд Гид Маколей Хендрикстің өлімін "шынымен жүректі ауыртатын жағдай” деп сипаттады.
Нигерияда тұратын гей-мұсылман Садик Ловал Хендрикстің ықпалды болғанын, өзін имам, деп атап, мүмкін еместі, мүмкін еткенін жеткізді.