Қантөгіске кінәлілер қатаң жазаланады

Oinet.kz 12-03-2025 32

Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы (SOHR) теңіз жағалауындағы қалаларда жұма және сенбі күндері алавиттерге қарсы жасалған 30-ға жуық шабуылда 973 бейбіт тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді. 

Screenshot_5.jpg

Ахмед аш-Шарааның мәлімдемесі Сирияның қауіпсіздік күштері алавит азшылығына жататын жүздеген бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталған соң жасалған.

Бақылаушылар құрбандардың жалпы санын, соның ішінде қарулы топ мүшелерін қоса есептегенде бұрын 1300 адам деп бағалады. Оның ішінде қауіпсіздік күштерінің 231 қызметкері және биліктен қуылған президент Башар Асадты қолдаған 250 содыр қаза тапты. 

Сирия мемлекеттік телеарнасында сөйлеген сөзінде аш-Шараа Асадқа адал күштерді тауып, оларды залалсыздандыруға да уәде берді.

– Бүгін біз осы қиын сәтті бастан өткеріп жатқанда, алдымызда жаңа қауіп тұр. Бұл – бұрынғы режимнен қалғандар мен олардың шетелдік жақтастарының жаңа алауыздық тудырып, елімізді азаматтық соғысқа тарту әрекеттері. Олардың мақсаты – бізді жікке бөліп, бірлігіміз бен тұрақтылығымызды бұзу. Біз бейбіт тұрғындар арасындағы қантөгіске қатысқан, мемлекет өкілеттігін асыра пайдаланған немесе билікті жеке мақсатта пайдаланған адамдарды, халқымызға зиян келтіргендердің барлығын қатаң түрде және ешбір мейірімсіз жауапқа тартатынымызды растаймыз, – деді Сирия басшысы. 

Бұған дейін аш-Шараа «бейбіт тұрғындарға қарсы заң бұзушылықтарды тексеретін және оларға жауаптыларды табатын тәуелсіз комитет» құратынын хабарлады.

Еске сала кетсек, Сирияның уақытша президенті Ахмад аш-Шараа бұрынғы үкіметке қатысы бар қарулы топтарды қару-жарақтарын тапсыруға, ал жаңа үкіметке адалдарды бейбіт тұрғындарға шабуылдамауға және тұтқындарға қиянат жасамауға шақырған еді.

Түркия «көгілдірмен» күреседі
Зеленский «ақылды әрі қатыгез»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу