Қонақ үй бизнесі экономиканы өркендетпек

Oinet.kz 31-08-2024 52

image.png

Кәсіпкерлік - кез-келген мемлекеттің экономикасының негізгі қозғаушысы. Кәсіпкерлік негізінен тек бір адамның ғана емес, кәсіпкер жұмыспен қамтитын ондаған адамның хал ақуалын жақсартары анық. Кәсіпкерлік елімізде дами түссе дүкен сөрелері шетелдік емес, отандық өнімдермен толығысып, ел экономикасына елеулі өзгерістер әкеледі.

Түркістан қаласы қазірде екі бағытта дамуда. Оның бірі туризм болса, екіншісі кәсіпкерлік. Бұл тұста қонақ үй мен мейрамхана бизнесіне айрықша көңіл бөлінуде.

Осы тұста кезінде Атамекен жобасының «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «Rixos Turkistan» қонақ үйінің ашылуына 7 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінген болатын. Қонақ үйдің ашылуы қала мәртебесі үшін ерекше сипатқа ие. 120 орынға шақталған қонақ үй 3 гектар аумақта бой көтерген. 6 қабаттан тұратын ғимаратта 3 бірдей мейрамхана, кинотеатр және іскер топ өкілдері үшін бизнес орталықтары бар. Жобаның жалпы құны 10 миллиард  теңгені құрайды.

Бірінші халықаралық бес жұлдызды қонақ үй Rixos Turkistan көне Түркістан қаласының қақ ортасында орналасқан және Түркістан облысында әртүрлі нөмірлерді ұсынады. Қонақ үйде 121 кең қонақ бөлмелері бар, олар заманауи технологиямен заманауи стильде безендірілген, бұл ұзақ уақыт тұратын қонақтар үшін өте қолайлы. Көлемі мен интерьер дизайны әртүрлі бөлмелер оның заманауи стилін сипаттайды және бай сәулеттік мұраны көрсетеді. Rixos Turkistan қонақүйіндегі шынайы қонақжайлылық пен мінсіз қызмет сіздің демалысыңызды ерекше және есте қаларлық етеді.

Түркістан тарихи-мәдени мұралар мен ескерткіштерге бай өңір. Мұндай жерлерге туристер көптеп ағылатыны мәлім. Сондықтан да туристік инфрақұрылымды барынша жақсарта түсу аса маңызды пункт. Яғни, шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда қонақ үйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие. Демек, қаламыз қонақтардың жүріп-тұруына ыңғайла болса, келетін туристердің саны да арта түседі. 

Бүгінде «Rixos Turkistan» жоғары деңгейде жұмыс істеп, көптеген шетелдік азаматтарды қабылдап жатыр. «Rixos Turkistan» - Түркістан қаласының ең көрнекті жерлерінің бірі ретінде шетелдіктерге ұсынылуда. Аталған қонақ үй бюджетке көп мөлшерде салық төлеп, қала экономикасының дамуына орасан зор үлесін қосуда.

«Керегенің» керегесі кең
Сапалы аяқ киімді Түркістаннан табуға болады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу