«Керегенің» керегесі кең

Oinet.kz 24-08-2024 50

image.png

Түркістан қаласынының бюджетіне мейрамханалар салық төлеп, қала экономикасының артуына көп үлес қосуда. Қалада мейрамхана ашқан кәсіпкерлер қарасы жылдан-жылға көбеюде. Қалада кәсіпкерлік көбейгенде қаржы көлемі де артады. Қаржы артқан жерде әлеуметтік-экономикалық ахуал жақсарады. Қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруына кәсіпкерліктің қосар үлесі зор. Айналымда қаржы көп жүргенде елдің тұрмыс деңгейі артады.  Сондықтан да қалада кәсіпкерлерге жағдай жасаған абзал. Түркістан қаласы әкімдігің қолдауымен киелі шаһарда кәсіпкерлер көптеген жобаларды қолға алып, мейрамханалар салуда. Қаладағы осындай мейрамханалардың бірі - Kerege мейрамханасы.  «Қағанат» қонақ үйінің бірінші қабатында орналасқан «Кереге» атмосфералық мейрамханасы халықаралық тағамдардан дәм татуға шақырады. «Кереге» мейрамханасы Түркістанның Керуен сарай портының таңғажайып көрінісімен таң қалдырады. Мұнда Түркиядан келген атақты аспазы дайындаған дәстүрлі халықаралық тағамдардан дәм тата аласыз, оның әрбір тағамы жарқын және ерекше дәмге ие. Кешкі асты «Кереге» мейрамханасында таңғажайып гастрономиялық саяхатқа айналдыруға болады.  Түркістан қаласы ертегідегі Ер Төстік батырдай жылдам қарқынмен өсіп, дамып келеді. Алдағы уақытта қалада көптеген кәсіпкерлік нысандар салынып, ел игілігі үшін жұмыс істей бермек. 

Азық-түлік кәсіперлігі жақсы дамуда
Қонақ үй бизнесі экономиканы өркендетпек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу