Азық-түлік кәсіперлігі жақсы дамуда

Oinet.kz 27-08-2024 34

image.png

Түркістанның жаңа мәртебесі өңірдің инвестициялық және туристік тартымдылығын арттырды. Бұл қоғамның экономикалық және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының базасы болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік саласының қарқынды дамуына ықпал етті. Түркістан серпінді дамып келе жатқан кәсіпкерліктің түрлі нысандарын қамтитын қуатты индустрияландыру деп атауға болады. Бұл Қазақстанның оңтүстік өңірінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына арналған тағы бір қуатты тетік. Қала халқының көбеюіне байланысты, қазірде сатып алынатын нанға деген сұраныс өте жоғары. Осыған орай Түркістанда бірнеше нан зауыттары жұмыс істейді. Солардың бірі «Яссы нан» ЖШС 4,5 мың тонна нан-тоқаш өнімдерін өндіреді. Сонымен қатар, «Ғажайып нан» кәсіпорны жұмыс істейді. 

Талай жанға демеу берген «Бастау» жобасы бойынша кәсіп бастаған жанның бірі - Перизат Есенова Түркістан қаласының тұрғыны. Алғаш кәсібін кішкене бөлмеде екі қап ұннан бастаған кәсіпкер, нан, тәтті тоқаштар пісіріп бастаған.

2013 жылы Кәсіпкерлер палатасы көмегімен жеңілдетілген несеге қол жеткізіп, нан жабуға арналған пеш сатып алады. Іс бастау оңайға соқпаған, десе де береке тірліктің арқасында өз мақсатына жеткен. Қазір Преизаттың «Ғажайып нан» атты наубайханасы күніне 6 тонна нан өнімдерімен қоса, тәтті тоқаштар да пісіреді. Түркістандықтардың 20 пайызын нан өнімдерімен қамтамасыз етуде. Шағын цехта 15 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. 

«Екі қап ұннан басталған кәсібім бүгінде үлкен іске айналды. Қазір бәрі компьютерлі болғандықтан,оңай, жеңіл болды. Нанды саламыз, піскенде өзі белгі береді. Тапырыстарымыз да көп», – дейді кәсіпкер әйел. Нан бар жерде ән, сән бар. Ас атасы нанды, 35 минуттың ішінде 280 градуста пісіріп шығарады. Цехтың иесі болашақта нан өнімінің көлемін ұлғайтып, жұмысшылар санын көбейтуді көздейді. Кәсіпорын 540 тоннадан астам өніас өндіреді. 

Сондай-ақ, Түркістанда 300 тоннадан астам балмұздақ шығаратын серіктестік бар. Бұл кәсіпорындар қазір белсенді жұмыс істеуде. «Ақжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы қаланың сауда орындарын 833 млн.теңгеге нан-тоқаш, кондитерлік және шұжық өнімдерімен қамтамасыз еткен болатын. Кәсіпорын тәулігіне 28 тонна ұн өнімдерін өндіреді.

Сауда - экономиканың тірегі
«Керегенің» керегесі кең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу