Сауда - экономиканың тірегі
Түркістан шаһары көне Жібек жолының бойында орналасқандықтан сауда-саттық, жалпы кәсіпкерлік саласы қарқын алған. Мұны қала ішіндегі сауда орталықтарының көптігінен байқауға болады. Шаһар халқының басым бөлігі де осы базарды жағалап, кәсіп етіп күн көреді. Ал еліміздің батыс аймақтарынан келетін саудагерлер тауарларды өз облыстарына осы Түркістаннан тасиды. Себебі Түркістан – тоғыз жолдың торабында орналасқан қала. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» магистралі да шаһарды бойлай өтеді. Сондай-ақ теміржол қатынасы да жақсы жолға қойылған десек болады. Тауар тасымалында қиындық жоқ. Тұтынушылардың сұранысын дөп басып, қажетті тауарларды өндіріп отырған кәсіпкерлер де жетерлік. Әсіресе тігін, тоқыма кәсіпорындары шетел асып, сарылып сапалы өнім іздеуді, шекара өтіп тауар тасуды қажет етпейді. Түркістан облысы мен қаласында тігіншілік қарқын алып тұр. Бұл кәсіпке ден қоятындардың басым көпшілігі нәзік жандылар. Елімізде өз кәсібін ашқысы келетіндерді қолдайтын бағдарламалар да шағын және орта бизнестің дамуына оң септігін тигізуде.
Сондай-ақ, мемлекет көп балалы аналарға ерекше көңіл бөледі. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» атағын алған көпбалалы аналар көлік құралдары салығынан және жер салығынан, тұрғылықты жерін тіркеу барысында, төлқұжат және жеке куәлік алуда нотариалдық және заңгерлік маңызы бар қызмет түрлері үшін мемлекеттік баждан босатылған.
Мамандардың мәліметінше өткен Түркістан қаласында жылы қаңтар-желтоқсан айына бөлшек сауданың көлемі 320 702,6 мтллтон теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,7 пайызды құрады. Жалпы облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі 49,9 пайызды құрап, 1 орында тұрғанын айта кеткен жөн.
Көтерме сауда ағымдағы жылдың қаңтар-желтоқсан айына 130 590,8 миллион теңге, нақты көлем индексі 110,8 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыстың көтерме сауда көлемінде қаланың үлесі 49,9 пайызын құрап, аудан мен қалалар бойынша 1 орында тұр. Былтырғы жылы қаңтар-желтоқсан айынақалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығару көлемі 139 168,0 миллион теңгені құрап, облыс бойынша, бөлшек саудадағы қаланың үлесі 11,4 пайызды құрап, 2 орынға шықты.
Түркістан қаласының тұрғындарын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін, қала аумағында 25 ірі супер маркет, 4 көтерме сауда базары (Алтын бұлақ, Барлық(Яссы), Эко Базар, Қуаныш базар) және 187 дүкен қызмет көрсетуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары халыққа қолжетімді болу мақсатында қаламызда 23 әлеуметтік дүкен (Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры) 4 ірі сауда нүктелерінде (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары тұрақты түрде жеткізіліп, қадағалау жұмыстары жүргізілуде, тұрғындар сұранысына сәйкес қосымша 3 әлеуметтік дүкен ашу бойынша конкурс жүргізілуде.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы бойынша бастапқы бағасынан 15 пайыздық үстемақыдан асырмау қажеттігі туралы 25 әмбебап дүкен иелерімен меморандум түзілген.
Сонымен қатар, 30 әмбебап дүкен иелері «Әлеуметтік бұрыш» ашуға өз келісімдерін беріп, әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізуші («АДАЛ-АЗЫҚ» ЖШС (Күнбағыс майы, гречка, күріш), «Али Сауда» ЖК, ЖШС «Ет» комбинаты, ЖК «Мамуржан», ЖК «Жамашова», ЖК «Сапаралиева», ЖК «Куаныш», «Сайрам-Сут» ЖК және «Ғажайып-П» ЖШС-мен) мекемелермен келісім-шарт түзілген.
Бүгінгі күні, Түркістан ӘКК, Баға тұрақтандыру қоры қаламызда орналасқан «Қуаныш» ЖШС-і базарыннан және 4 ірі сауда (Дастархан, Бәйтерек, Береке, Әсем) орындарында әлеуметтік сиыр етін сататын нүкте ашылып, 2200 теңгеден сатылуда.
Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында, қала әкімдігі тарапынан «INSAF LTD» ЖШС-і, «Ғажайып» ЖШС-і, «Яссы» ЖШС-і, «Абдрахман» ЖК наубайханаларымен 4 жақты келісім-шарт түзіліп, 2023 жылдың қазан айынан бері 85 теңгеден тәулігіне 25 000 дана нан өнімдерін Түркістан қаласында орналасқан 125 сауда (базарға 600, бала-бақшаға 6 500, дүкендерге 17 900 дана) орындарына жеткізілуде.
Қазіргі таңда, қала аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласы әкімдігі тарапынан ӘМАТ бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.