Әлеуметтік дүкендер саны екі есеге артты
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі берген статистикалық мәліметке сәйкес Түркістан қаласы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) баға индексі бойынша Қазақстанның қалаларының ішінде 3-орында тұр (99,9 пайыз). Республика бойынша ӘМАТ баға индексі 99,9 пайызды құрады.
Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік дүкендердің санын арттыру бойынша тапсырмасына сәйкес, Төлеби, Арыс, Сарыағаш, Жетісай, Шардара аудандарында ірі сауда орындарында әлеуметтік бұрыштар ашылып, Тұрақтандыру қоры қоймасынан ӘМАТ өнімдері жеткізілуде.
Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейту мақсатында қосымша әрқайсысының көлемі 50 шаршы метрден құрайтын жаңадан 17 дүкен салынып, жалпы саны 36-ға жетті. Оның 9-ын «Түркістан» ӘКК» АҚ есебінен салынса, 8-ін жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебімен салды. Қазіргі таңда, СПК-ның қаражаты есебінен Жаңа қала мөлтек ауданында қосымша 6 әлеуметтік дүкендер салынып, пайдалануға берілді.
Жыл басынан бері аптасына 2 рет сейсенбі және бейсенбі күндері Түркістан қаласындағы «Қуаныш» және «Алтынбұлақ» базарларында 20-30 пайызға базар бағасынан арзан азық-түлік жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізілуде.
Айта кетейік, «Түркістан» ӘКК» АҚ-на қарасты 36 әлеуметтік дүкенде және 4 ірі сауда үйлері мен 25 сауда орында ұйымдастырылған әлеуметтік бұрыштарда 19 түрлі азық-түлік тауарлары сатылады. Алдағы уақытта Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендерді 50-ге дейін ұлғайту жоспарлануда.