Түркістанда полистирол блоктарын өндіретін кәсіпорын бар

Oinet.kz 30-08-2024 93

image.png

Инвесторлар үшін Түркістан қаласында қолайлы  бизнес климат жасалған. Шаһарда  инвесторлар және кәсіпкерлер үшін индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақ салынған. Екіншіден, шағын өндірістік парк құрылысы жүзеге асырылуда. Өндірістік парк аумағында 42 өндірістік ғимараттар салынуда. Өндірістік парктің 1-кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылды. Жалпы 30,7 миллиард  теңгеге 10 жобаны іске қосу жоспарланып, 24,2 миллиард  теңгеге 7 жоба іске қосылды. Түркістан қаласының индустриалды аймағының 40 га аумағында инфрақұрылым жүргізу үшін 904 млн. теңге қаржы бөлініп, инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған (автожол – 4,21 км, электрмен жабдықтау – 23,3 км, сумен жабдықтау – 11,9 км, кәріз – 4,03 км, газбен жабдықтау – 1,1 км, телефондандыру – 7,9 км, трансформаторлары 6 дана). Сондай-ақ 150 га аумақты инфрақұрылым жүйесімен қамтамасыз ету үшін 2,2 миллиард теңге қарастырылып (46 гектар жер), сәйкесінше тиісті инфрақұрылым жүргізілген.  2019 жылы құрылған Түркістан облысының «Turkistan» индустриялды аймағындаөткен жылдың қорытындысымен жалпы құны 34,1 миллиард теңгеге 2,5 мыңдай жұмыс орны ашылып, 44 инвестициялық жоба іске қосылған. Инвестжобалар металургия өнеркәсібінде, машина жасау саласында, тамақ өнеркәсібінде, жеңіл өнеркәсібінде, құрылыс индустриясында жобаға асуда. Сондай ақ биыл жалпы құны 5,8 миллиард  теңгеге 375 жұмыс орнын құрумен 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Түркістан индустриалды аймағының аумағынан жалпы алаңы 5,6 гектар құрайтын өнеркәсіптік ғимараттар салу жоспарлануда. Сонымен қатар Түркістан қаласы әуежайының тас жолының бойында жалпы аумағы 30 гектар болатын, әр өнеркәсіптік саябақтың аумағы 2 376 ш.м. құрайтын 40 өнеркәсіптік ғимараттар құру жоспарлануда.

Түркістан Облыс орталығы мәртебесін алған сәттен бастап Түркістанда ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм саласы жоғары қарқынмен дамып келеді. Дайын өнімдерді ұқсата, тереңдете өңдеп, сапалы тауарларды заманауи құрал-жабдықтарды пайдаланып, тұтынушыға жеткізетін орындар облыстың барлық аудандарынан ашыла бастады. Бүгінде облыста жалпы көлемі 538 гектар құрайтын 9 индустриалды аймақ орналасқан. Олар Түркістан қаласында, Кентау, Созақ, Қазығұрт, Мақтаарал, Шардара, Бәйдібек және Түлкібас аудандарында орналасқан. «Turkistan» индустриялды аймағы 2019 жылы құрылған. Түркістан қаласында 310 гектар  индустриалды аймақ аумағын кеңейту және инфрақұрылым тарту жұмыстары да аяқталуға жақын. Онда газ, су, кәріз құбырлары тартылып, 25000 метр жарық желілері жүзгізіледі. Өндірістік паркке 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тарту көзделген. Маңызды жоба толық іске қосылған соң, екі мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылатын болады.

«Turkistan» индустриялды аймағында жүзеге асырылған жобаның бірі - «EUROBLOCK PRODUCTION» ЖШС.  Кәсіпорын полистирол блоктары және газобетон жасаумен айналысады. Жобаның құны 113,8 миллион теңгені құрайды. Барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Жобаның қуаттылығы 23 мың м3. Жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысымен Түркістан индустриалды аймағының 1 га жер учаскесіне орналастырылған. Өндіріске қажетті жабдықтардың барлығы әкелінген. Бүгінгі таңда, жоба тарапынан құрылыс жұмыстары аяқталған. Жер учаскесінің аумағы қоршалған. Жобаны іске қосу жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттары рәсімделуде.   


Құрылыста отандық өнімдерге сұраныс жақсы
Сәтті жобалар көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу