Сәтті жобалар көп

Oinet.kz 31-08-2024 70

image.png

Жаһандану заманы ғылымның, технологияның дамуымен тығыз байланысты болса, оны өндіріспен, яғни өнеркәсіптік өндіріспен байланыстыру индустриялық-инновациялық дамуға жол ашады. Бұл – ел экономикасын көтерудің даңғыл жолы. Қазақстанның осы даму бағытын таңдап, бәсекеге қабілетті ел болуға қадам басқанына біраз жыл болды. Соның бір нәтижесі ретінде барлық өңірлерде индустриалды аймақтардың құрылып, жүзеге асырылғанын айтуға болады. 

Бүгінде Түркістан облысының бірқатар аудан-қалаларында арнайы индустриялық аймақтар бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі деңгейде жұмыс істеуде. Олардың жұмысын барынша жандандыру өте маңызды. Түркістан шаһарындағы индустриалды аймақтың жұмысы қыза түстуен. Мұнда инвестициялық климатты жақсарту мақсатында өңірімізде өндірістік ғимараттар салу бойынша жұмыстар атқарылуда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен өндіріс саласын дамытуда жеңілдетілген 1 пайыздық қаржыландыру жоспарлануда. Облыс тарапынан 5,4 миллиард теңгеге СПК арқылы өтінім жіберілді дейді салаға жауапты мамандар. 

Түркістан индустриалды аймағынан соғылған 2 браунфилдте бүгінгі таңда жиһаз өндіру цехі және шұлық бұйымдарын өндіру цехі жұмыс жасап отыр. Өңірде өндірістік парк бойынша 39 өндірістік ғимаратты құру жоспарланған. 1-кезең бойынша 10 ғимарат құрылысы аяқталып, инвестиция сомасына 10 жоба іске асырылуда. Ал 2-кезең бойынша 12 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары басталды. Өндіріс орындарында орналасатын инвестициялық жобалар пулы жасақталып, меморандумдарға қол қойылды. 3-кезең бойынша 17 өндірістік ғимараттың құрылыс жұмыстары да басталған. Кейбірі кәсіпкерлердің есебінен де соғылуда.

Индустриалды аймақтармен қатар, жобаларды «TURAN» арнайы экономикалық аймағына тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында, шетелдік компанияның текстиль кластері, Полимерлі құбырлар, Тау кен металлургия кешеніне арналған құрылғылар зауыттар бар.

Түркістан индустриалды аймағында ашылып, бүгінде өнім өндіріп, халыққа қызмет көрсетіп отырған кәсіпорынның бірі  -  "GRAND STROY KAZ" ЖШС. Кәсіпорын темірбетон бұйымдары мен тауарлы бетон өндірумен айналысады. Жобаның құны 1500 миллион теңгені құрайды. Инфрақүрылммен толық қамтамасыз етілген.  Жобаның қуаттылығы 45 мың тонна тауарлы бетон, 25 мың дана бетон бұйымдары. 30 адам жұмыспен қамтылған. Жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысымен Түркістан индустриалды аймағының 1 га жер учаскесіне орналастырылған. Өндіріске қажетті жабдықтардың барлығы әкелінген. Бүгінгі таңда, жоба тарапынан құрылыс жұмыстары аяқталған. Жер учаскесінің аумағы қоршалған. Жобаны іске қосу жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттары рәсімделуде.   

Түркістанда полистирол блоктарын өндіретін кәсіпорын бар
«Turan» -да құрылыс қарқынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу