«Turan» -да құрылыс қарқынды

Oinet.kz 16-09-2024 1116

image.png

Түркістан қаласында орналасқан «Turan» арнайы экономикалық аймағын инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Ондағы құрылыс жұмыстарының сапалы орындалуы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. 

Бүгінгі таңда өрт сөндіру депосы, газ жүйелері, интернет желісінің жұмыстары 100 пайызға аяқталған. Жолдың 1,4 шақырымына асфальт жабындысы төселді. Жол құрылысын 2024 жылдың қазан айында пайдалануға беру жоспарланған. Теміржол құрылыс жұмыстары 40 пайызға орындалып, теміржолдың 2,1 шақырымына релстер орнатылды.  

Сонымен қатар су және кәріз желілерінің құрылыс жұмыстары 70 пайызға орындалып, су құбырының 8,5 шақырымы тартылды. Кәріз жүйесінің 3 шақырымына құбыр жүргізілді. Аталған нысандарыдың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 

Электрмен жабдықтау жұмыстарын аяқтау 2025 жылға жоспарланған. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысы облыстық құрылыс басқармасының мамандарының тұрықты қадағалауында.  

«Turan» арнайы экономикалық аймағындағы инженерлік инфрақұрылымдардың құрылыс жұмыстары аяқталған соң, мұнда 50-ге жуық кәсіпорын орналасып, жұмысын бастайды. Нәтижесінде, 1000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Айта кетейік, «TURAN» арнайы экономикалық аймақ  аумағында қолданыстағы заңнамада шектеу қойылған қызмет түрлерінен басқа экономикалық қызмет түрлерінің «өңдеу өнеркәсібі» секциясына жататын қызметтің барлық түрі қамтылады. Аймақта халықаралық, өңірлік стандарттары және дауларды шешуде британдық (Арбитраж) құқықты қолдану мүмкіндігі қарастырылған.

Негізгі мақсат – Түркістан қаласын жеделдете дамыту және Түркістан қаласының инвестициялық әлеуетін жоғарылату. Оның аумағы 4 гектарды құрап, 6 қосалқы аймақтан тұрады. Олар: Тарихи орталық, Әкімшілік-іскерлік орталық, Greenfield (Оранғай ауылы), Brownfield өнеркәсіптік қосалқы аймағы (Кентау қаласы) және Түркістан қаласы мен халықаралық әуежай аумағы.

Облыста 2022-2026 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 1,9 триллион теңгеге 9596 жаңа жұмыс орынын құрайтын 71 инвестициялық жобаның тізбесі қайта өзектендірілді. Оның ішінде шетелдік капиталдың қатысуымен жалпы құны 225,6 миллиард теңгеге 915 жұмыс орнын құрумен 9 жоба бар.

Сәтті жобалар көп
Түркістанға шетелдік инвесторлар келді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу