«Kadiris»-тің кірпіштеріне сұраныс жоғары

Oinet.kz 26-08-2024 95

image.png

Шығыс стиліндегі қайталанбас сәулет өнері саналатын Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүгінге күнге дейін қаз-қалпында сақталып, тәуелсіз елдің ұрпақтарына дейін жетуінің құпиясын ғалымдар оның құрылыс материалдарының сапасында деп санайды. Әсіресе сол замандағы күйдірілген кірпіштің мықтылығы кесенеге өң беріп әрі сапасын арттырып тұр дейді. XIV ғасырда өмір сүрген атақұты қолбасшы Әмір Темір ұстазына кесене салдырар кезде Түркістан шаһарына әлемнің түкпір-түкпірінен мықты ұсталарды, сәулетшілерді шақыртады. Ал кірпіштерді Сауран қаласынан алдыртқан көрінеді. Себебі Сауран жерінің топырағы кірпіш жасауға таптырмас дүние. Бүгінде сәулеті мен ажары асқан, тарихи келбетін сақтай отырып, заманауи үлгіде дамып келе жатқан Түркістан қаласында құрылыс жұмыстары қыз-қыз қайнап тұр.  Бір қуантарлығы құрылыс жұмыстарына отандық өнімдердің қолдынылу аясы кеңеюде.  Тұтынушылар да отандық өнімдердің сапасы шетелдік өнімдерден кем емес, тіпті артық екенін көз жеткізіп келеді.  Заман қанша дамыса да үй, мекеме құрылысына әлі де кірпіш қолданылып келеді. Әсіресе Сауранның топырағынан күйдіріліп жасалған кірпішке бүгінде сұраныс жақсы. Түркістанда ата кәсіпті қолға алып, заманауи технологиямен кірпші шығаратын зауыт бар.   Түркістан индустриалды аймағында орналасқан «Kadiris»  кірпіш зауытында кірпіштің 500 мың данасы әзірленеді. Оны небәрі 50-ге жуық адам жасайды. Дайын болған тауар түрлері Түркістан облысына таралады.  

«Біздер күйген кірпіш өндірісін 2014-2015 жылдары шағын цех ретінде ашып, бастаған болатынбыз. 2016 жылдан бастап ресми түрде кірпіш зауыты жұмысын жүргізіп келеді. 2020 жылы қаламыздағы Индустриалды аймақтан орын алып, өндіріс ауқымын кеңейтіп, цехты жаңа қондырғылармен қамтып, жүйелі түрде зауыт жұмысын жүргізіп жатырмыз. Зауытты құрған кезде әкімдік тарапынан мемлекеттік қолдау көрсетілді. Осы жерден орын берді, зауыт құрылғыларын құрып, инфрақұрылым мәселесін толық шешіп берді. Электр энергиясы, су, газ, т.б бәрі де шешімін тапты. Бұған әрине алғысымыз шексіз. Бүгінде зауытта 50 адам жұмыс істейді. Кірпіштеріміздің бағасы қолжетімді. Кірпіш баламасы доқ құрылыс материалы. Жақсылап пісірілген, стандартқа сай кірпіштің беріктігі мықты болады. Бағасы қымбаттау болғанымен сапасы, төзімділігі, беріктігі жоғары. Алайда тұтынушылардың көбісі арзан материалға әуес. Шлакаблок, кесек сынды кірпіштер қысқа суық. Жазда ыстық болады. Сапасы да төмен. Сондықтан сапасы жағынан классикалық өнім кірпішке жетпейді деп санаймын. Оны тәжірибелі құрылысшылар да біледі, мойындайды. Кірпішке сұраныс бар, алайда бәсекелестік жоғары»,- дейді зауыт басшысы Әбділахат Хамитмергенұлы.

Мұндағы кірпіштің жасалу процесі күніне 3-4 тонна Саураннан әкелінген топырақтан басталады.  «Менің міндетім төгілген топырақты арнайы құрылғыға жіберіп отыру. Күніне 11-12 сағат жұмыс істеймін. Жұмысым ауыр емес. Осы жерде нәпақамды тауып жүргеніме  5 жыл болды»,- дейді зауыт жұмысшысы  Саламат Незамаддинов.  

Мұндағы  мамандардың айтуынша қызыл және көк топырақ бар екен. Құрамында осы топырақ болса кірпіштің сапасы жоғары болады екен. Арнайы құрылғыға төгілген топыраққа су құйылып, жақсылап араластырылады. Бұл техниканың көмегімен жасалады. Ал сол техниканы басқарып отыратын маман  Байрамбай Мнажов. Әрі қарай иленген топырақ ұзын қалыпқа салынып, бірдей бөліктерге бөлінеді. Яғни кірпіштің стандартты формасы беріледі. Жартылай дайын болған кірпіштер кептірілуге ашық аспан астына қойылады. Ауа-райына байланысты 4 күндей тұрады. Толық кепкен кірпіш әрі қарай пешке салынады.  Онда 1000 градус ыстықта екі күн күйдіріледі. Мамыр айында жалындаған от қазан айына дейін сөнбейді.  Содан соң күйдірілген кірпіш екі күн суытылуға жіберіледі. Осылайші бір кірпіш 4 күнде толық дайын болады. 

«Негізі күніне 30-40 мыңға дейін кірпіш шығаруға қауқарымыз бар. Тек оған қосымша қаражат керек.  Қазір тапсырысқа қарап жұмыс істеудеміз. Күніне 15 мыңға дейн жасаймыз. Кірпіштеріміздің сапасы өте жақсы, стандарттарға сай. Топырағын Саураннан алып келеміз. Сапасына кепілдік береміз. Бір кірпіштің салмағы 4 келіге жақын. Тасқынға үгітілмейді, су тиген сайын қайта мықты бола түседі. Жазда салқын болады. Қыста жылуды ұстап тұрады. Бұл кірпіштер мың жылға да шыдап береді»,- дейді зауыт басшысы. 

   Кірпіш таза, табиғи топырақтан жасалуы тиіс. Зауыт топырақты Сауран ауданында келісімшарт бойынша арнайы карьерден сатып алып отыр. Шығарған өнімдері сапалы болсын деп 70 шақырым жерді қашықсынбай тасиды. Мұндағы техникалар Қытайдан және Ираннан әкелінген. 

«Браунфилд» - жарқын болашақтың жобасы
Жаңа қонақ үй кешені ашылмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу