«Бір ауыл — бір өнім» өңірлік көрме-жәрмеңкесі өтті

Oinet.kz 21-08-2024 107

image.png

Жуырда Түркістан қаласында «Бір ауыл — бір өнім» өңірлік көрме-жәрмеңкесі өтті. Этно ауыл кешеніне қойылған көрмеде 40-қа жуық кәсіпкер өз өнімін ұсынып, көпшілік назарына ұсынды. Басты талап — өнім жергілікті шикізаттан өндірілуі және де сақтау мерзімі 5 күннен кем болмауы тиіс. 

Көрмеде қолөнер шеберлерінің өнімдері, бал, құрт, кептірілген жеміс-жидектер, сүт пен кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, сабын және тағы басқа тауарлар қойылды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері отандық тауар өндіруші кәсіпкерлердің өнімдерін бағалап, үздіктер анықталды. 

«Көрме-жәрмеңке «Мен Кәсіпкер» кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылуда. Іс-шара мақсаты — қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, кәсіпкерлерге өз өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге, әрі қарай экспортқа шығуға жәрдемдесу. Биыл да ең мықты 3 кәсіп иесі республикалық көрмеге қатысуға мүмкіндік алады», - деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков.

Жалпы былтыр елімізде алғаш рет «Бір ауыл - бір өнім» жобасы жүзеге асырылып өңірлік көрме-жәрмеңкеге облысымыздағы 60-тан астам кәсіпкер қатысты. Өнімдерді бағалау барысында жұмысшы топ 10 көрме үздігін анықтап, 3 кәсіпкердің өнімі «Түркістан облысының үздік тауары» деп танылды. 

Үздік ондықтың қатарындағы Түркістан қаласынан Жанат Пазылбекова да бар. Оның жүннен жасалған өнімдері көпшілікті қызықтырған болатын. 

Түркістан қаласын дамыту мәселесі жан-жақты талқыланды
«Атамекен» талайға көмек қолын созып жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу