«Атамекен» талайға көмек қолын созып жүр

Oinet.kz 22-08-2024 86

image.png

Түркістан қаласы елеулі өндіріс экономикалық әлеуетке ие еңбек ресурстық өңірдің бірі. Күннен-күнге дамып келе жатқан қалада индустриалды аймақтар құрылып, жаңа зауыт-фабрикалардың негізі қалануда. Мамандар Түркістан қаласының кәсіпкерлік әлеуеті жоғары, болашағы зор екенін айтады. Шаһарда әсіресе жиһаз өндірісі қатты дамыған. Мұнда жылына 13 миллион дана жиһаз өндірілетін фабрика бар.  

Түркістан қаласының тұрғыны Дәулет Сақтанов екі жылдан бері осы жиһаз цехында жұмыс істейді. Мұнда ол темір орындықтардың сыртын матамен қаптайды. Өнім сапалы болуы үшін әркімнің өзіне жүктелген міндеті бар. Бір бірінің шаруасына араласпайды. Барлығы өз ісімен айналысады. Еңбекке жастайынан әбден піскен Дәулет жұмысы өзіне ұнайтынын айтады. 

«Менің негізгі міндетім күніне  кемі 500 және 1000-ға жуық орындықтың артын қаптап шығару. Қапталған орындықты екінші жұмысшыға жіберемін. Ол орындықтың бетін қаптайды. Одан кейін орап, қоймаға жіберуге әзірлеп қояды»,- дейді Дәулет. 

Жиһаз фабрикасы 2020 жылы ашылған. Қазір мұнда 260 адам екі ауысыммен жұмыс істейді. Олар темірді кесіп, дәнекерлеуден бастап  орындықты бояу, қаптау, тігу, орау жұмыстарын барлығын осы жерде жасайды. Ас үй  мен үлкен үйге арналған үстелде осы цехта жиналады. Мұнда ас жиһазының 70 -ке түрі жиналады. Дайын өнім еліміздің 16 өңіріне жөнелтіледі. 

      Фабрика директорының орынбасары Шахиста Жалилованың айтуынша мұнда жылына 13 миллион дана өнім өндіріледі. Кәсіпкер өткен жылы мемлекеттік қолдаудың арқасында «Даму» қорынан жеңілдетілген несие алған. 

«Бұл несие бізге өте көп мүмкіндік берді. Біз электр энергиясының қымбат деген мәселені «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында  көтердік. Олар біздің бұл сөзімізді ескеріп 12 пайызға түсірді.  Алдағы уақытта қандай шағым, ұсыныс  болса бірінші «Атамекен» палатасына барамыз. Қазақстанның ішіндегі болып жатқан көрмелердің барлығына қатысып жүрмыз. Алдағы уақытта бізде ұсыныс түсті, шетелдік көрмеге қатысу туралы. Ол жақтың мамандарынан білмегенімізді үйреніп, тәжірибе алмасып қайтсақ деген ниетіміз бар. Соған үкімет тарапынан шамалы бағыт-бағдар, қолдау болса бұл мақсатымыз орындалады деген үміттеміз »,- дейді ол. 

«Атамекен» ұлттық кісіпкерлер палатасының басты міндеті кәсіпкерлердің құқығын қорғау дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ербол Әуелбеков. Өңірлік палата өткен жылы 80 кәсіпкердің мәселесін шешіп,  960 миллион теңгелік мүліктің құқығын қорғапты. Оның ішінде Түркістан қаласының кәсіпкерлері де бар. 

«Сонымен қатар ұлттық кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау құралдары бар. Бұл бағыт бойынша біз кәсіпкерлерге кеңес береміз. Өткен жылы кәсіпкерлерге 13 мыңнн астам кеңес берілген болатын. Сонымен қатар салықтық және статистикалық есептерді де тапсырып береміз. Кәсіпті жаңадан бастаушыларға бизнес жоспарларын әзірлеп береміз. Сонымен қатар бізде «Бір ауыл – бір өнім» жобасы да жүзеге асырып жатыр. Жобаның басты мақстаты әр ауылда  жергілікті шикізатты қолдана отырып бір өнім шығару. Кәсіпкерлердің басты, үлкен мәселелерінің бірі – өнімді өткізу мәселесі. Аталған жобаны осы проблеманы шешу мақсатында жүзеге асырып жатырмыз»,- дейді маман. 

   Жауаптылар отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін қалада инфрақұрылымдық алаңдарды  дамытуға басымдық берілгенін айтады. 

«Бір ауыл — бір өнім» өңірлік көрме-жәрмеңкесі өтті
«Армиядағы өлім қашан тоқтайды, мырзалар?!»: Әскерде көз жұмған сарбаздар саны жайлы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу