«Аманат» партиясы Түркістан облыстық мәслихатынан 14 мандат алды

Oinet.kz 25-03-2023 996

2023 жылғы 19 наурызда Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарының сайлауы болып өтті.

Screenshot_1.jpg

Сайлаушылардың тізімдеріне 1 168 728  азамат енгізілгі. Дауыс беруге 619095 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 459 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 3065 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға  6 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс саны:

«Amanat» партиясы - 342361 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  56,9 %;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 95668 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  15,9 %;

«Respublica» партиясы - 30686 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  5,1 % проценті;

Қазақстан Халық партиясы - 19254 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  3,2 %  проценті;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 11432  дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  1,9 %   проценті;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 93262 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының  15,5 %   проценті;

 «Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны - 9025.

 Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:

«Amanat» партиясы - 14;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 4;

«Respublica» партиясы - 1;

 «Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы -4.

 Түркістан облыстық сайлау комиссиясы

Қаныбеков әділдікті соттан тапты
Түркістан облыстық мәслихатына депутат болып сайланғандардың тізімі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу