«Дариға Назарбаева қайтып келді». Мәжіліс депутаттарының тізімі шықты
Nur Otan партиясынан Мәжіліс депутаттары ретінде тіркеуге ұсынылған 76 адамның тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі партия сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес Nur Otan партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды", - делінген партия сайтында.
Nur Otan кандидаттарының тізімі:
АБАҚАНОВ Елдос Нұрболұлы
АБАСОВ Қайнар Бегалыұлы
АДАМБАЕВ Сырым Жұматайұлы
АДАМБЕКОВ Тілектес Серікбайұлы
АҚЫШЕВ Самат Сағынбайұлы
АХМЕТОВ Мәди Абылайұлы
ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Берік
ӘБСЕМЕТОВА Әлия Маратқызы
ӘЛІМБАЕВ Данияр Кеңғазыұлы
ӘМРЕЕВ Ғалым Махмұтбайлы
ӘШІМЖАНОВ Жанарбек Садықанұлы
БЕЙСЕНБАЕВ Елнұр Сабыржанұлы
БЕКЖАНОВ Берік Айдарбекұлы
БЕРДАЛИН Аманғали Бейсенбайұлы
БИЖАНОВА Гүлнәр Қадыржанқызы
БОЙЧИН Анатолий Васильевич
ЕЛЕУОВ Ғалымжан Алмасбекұлы
ЕЛУБАЕВ Мәди Сағынтайұлы
ЕРЖАН Құдайберген Төлепұлы
ЕРМАН Мұхтар Тілдәбекұлы
ЕРТАЕВ Сырым Махамбетұлы
ЖАМАЛОВ Аманжан Мәкәрімұлы
ЖАҢБЫРШИН Еділ Терекбайұлы
ЖУЛИН Юрий Викторович
ЗӘКИЕВА Динара Болатқызы
ИМАШЕВА Снежанна Валерьевна
КАЗАНЦЕВ Павел Олегович
КАМАСОВА Зарина Айдарханқызы
КЕСЕБАЕВА Балайым Туғанбайқызы
КИМ Вера Александровна
КОЛОДА Дмитрий Владимирович
КУЧИНСКАЯ Юлия Владимировна
ҚАРАТАЕВ Фахриддин Әбдінабиұлы
ҚОЖАХМЕТОВ Арман Төлешұлы
ҚҰЛШАР Мәлік Иманқұлұлы
ҚҰСАЙЫНОВ Марат Әпсеметұлы
ҚҰСПАН Айгүл Сайфоллақызы
МУСИН Қанат Сергейұлы
МҰСАБАЕВ Самат Базарбайұлы
МЫҢБАЙ Дархан Қамзабекұлы
НАЗАРБАЕВА Дариға Нұрсұлтанқызы
НАҚПАЕВ Сәлімжан Жұмашұлы
НҰРКИНА Айгүл Қабдешқызы
НҰРМАНБЕТОВА Жәмила Нүсіпжанқызы
НҰРОВ Қанат Ильяұлы
НҰРЫМОВА Гүлдара Алданышқызы
НЫҒМАТУЛИН Нұрлан Зайроллаұлы
ОМАРБЕКОВА Жанат Әнуарбекқызы
ОСПАНОВ Берік Серікұлы
ПАВЛОВЕЦ Лариса Павловна
ПАНЧЕНКО Игорь Иванович
ПЛАТОНОВ Артур Станиславович
РАЗЗАҚ Нәзиля Раззақбайқызы
РАҚЫМЖАНОВ Әмірхан Мұратбекұлы
РАМАЗАНОВА Ләззат Керімқұлқызы
РАУ Альберт Павлович
САЙЫРОВ Ерлан Бияхметұлы
САПАРОВА Әлия Сүйіндікқызы
САРТБАЕВ Бауыржан Мейрамбекұлы
САРЫМ Айдос Әміроллаұлы
СИМОНОВ Сергей Анатольевич
СМАҒҰЛ Бахытбек
СМЫШЛЯЕВА Екатерина Васильевна
СҮЛЕЙМЕНОВА Жұлдыз Досбергенқызы
СҮЛЕЙМЕНОВА Зүлфия Болатқызы
ТАЙЖАНОВ Ерлік Серікбайұлы
ТАШҚАРАЕВ Ғани Әбдіғаниұлы
ТӘЖМАҒАМБЕТОВА Мақпал Мазаққызы
ТЕЛПЕКБАЕВА Жанна Тілеубекқызы
ТОРҒАЕВ Бекқали Нұрғалиұлы
ТӨЛЕПБЕРГЕН Мейрамбек Мылтықбайұлы
ТҰРҒАНОВ Дүйсенбай Нұрбайұлы
ТІЛЕУХАН Бекболат Қанайұлы
УНЖАКОВА Ирина Сергеевна
ҮЙСІМБАЕВ Асқарбек Съезбекұлы
ШИПОВСКИХ Геннадий Геннадьевич
Енді Мәжіліс Төрағасы қайта сайланады. Бұған дейін Мәжіліс Спикері - Нұрлан Нығматулин еді. Жалпы Нығматулин - саяси ортада өте ықпалды тұлға. Қазақстандағы ең жоғарғы эшалондағы "ауыр салмақты" саясаткер. Мұндай ауыр салмақтағылар өте аз. Саусақпен санап шығуға болады. Жаңа депутаттар келісіп жатса, Нығматулин қайта Спикер болуы әбден мүмкін. Дегенмен соңғы кездері Президент болуы әбден мүмкін деп ел ішінде жиі аты аталып жүрген Дариға Назарбаева бұл жолы осалдық таныта қоймайтын секілді. Сенат Спикері болып, көп өтпей "құлап" қалды. Қазір қайта есін жиып, "білегін түріп" саясат сахнасына оралды. Елбасының тұңғышы ретінде оның абыройы әлі де жоғары. Жаздыгүні ұлы Айсұлтан қайтыс болып ауыр соққы алған Дариға Назарбаеваның ендігі қадамы нық болады деп сенеміз.
Бір қызығы, Нұрлан Нығматулин де, Дариға Назарбаева да Қарағанды облысының тумалары. Екеуінің де Спикер болуға географиялық жақтары сәйкес келіп тұр. Енді қандай критерий бойынша Төраға болады, ол жағын жақында білетін боламыз.