Әдептілік - мемлекеттік қызметшінің міндеті

Oinet.kz 20-05-2019 771

Screenshot_5.jpg

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» ішкі бағдарламасы мемлекеттьік қызметшілерге тікелей байланысты. Осы ретте Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен аумақтық басқармаларының қызметкерлері «Өзгерістерді өзіңнен баста» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар өткізіп келеді. Мәселен жақында ұжымдарда моральдық-психологиялық жағдайды қалыптастыру және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау барысына мониторинг жүргізу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында жасырын сауалнама жүргізілді. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы белгілеген әдеп стандарттарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің IT-сауаттылығын арттыру, өлкеміздегі қасиетті орындарды аралап, жас мамандарға мәдени мұрамызды насихаттау мақсатында ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі А. Ахметов  мемлекеттік қызметшілердің санасын транформациялауға және тиімді жұмыс атқаруына кедергі келтіретін күнделікті жұмыстағы «қосымша» элементтерден арылту қажет дейді.  Орынбасардың айтуынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында іске асырылуы тиіс   басты мәселе - қызметшілердің санасын өзгерту. Әрбір мемлекеттік қызметші  ынталандыруға себеп болатын өзгеруге деген ниеті болуы тиіс.

    Статистика бойынша көпшілік  мемлекеттік қызметшілер күн сайын өз міндеттерін адал атқарып, мемлекет пен оның азаматтарының мүддесі үшін жұмыс істейді. Бұл жүргізілген сауалнама мен ауқымды іс-шараларлардың нәтижесі деп білеміз. 


Әуежайдың іргетасы қаланды
Әлемдік масштабтағы азиат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу