Әуежайдың іргетасы қаланды

Oinet.kz 20-05-2019 753

Screenshot_6.jpg

Премьер-Министр Асқар Маминнің Түркістандағы іссапары барысында облыс орталығында бой көтеретін халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды. Халықаралық әуежай 2020 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Терминал халықаралық және ішкі рейстерде сағатына 250 адам қабылдауға қауқарлы, өткізу қабілеті жылына 3 миллион  жолаушыны құрайды. 

Түркістан қаласындағы жаңа әуежайдың құрылысын түркиялық инвесторлар жүргізетін болды.  Халықаралық әуежай Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан. 900 гектар аумақта терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салу жоспарланып отыр. Облыс орталығында тұңғыш рет салынатын халықаралық әуежайдың құрылысына ең үздік қазақстандық және шетелдік сарапшылар тартылатын болады. Құрылыс индустриясының жаңа жетістіктерін пайдалану жоспарланып отыр. Үкімет басшысы және облыс әкімі «TurkistanInternationalAirport» халықаралық әуежайының құрылысы орнына капсула салу рәсіміне қатысты. Жоба YDA Holding түрік компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады, тартылатын инвестициялар көлемі 70 млн. астам долларды құрайды.

Халықаралық, замануи әуежайдың бой көтеуі Түркістанның туризміне де оң ықпал ететіні сөзсіз. 



Жалпы өңірлік өнім артып келеді
Әдептілік - мемлекеттік қызметшінің міндеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу