Абай туралы телехикаяға кастинг жариялады

Oinet.kz 06-02-2020 1300

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай түсіретін телехикая актерлеріне байқау жариялайды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Aikyn.kz порталына сілтеме жасап.

abaj-750x375.jpg

Кастингке актерлік қабілеті бар, 17 мен 40 жас аралығындағы қолаң шашты, қою қасты қыз-келіншектер мен 15 пен 50 жас аралығындағы кескін-келбеті келіскен, атқа отыра алатын ер-азаматтар қатыса алады.

Бұған дейін телехикаяның сценарийіне байқау жарияланып, отандық тәжірибелі өндірушілерден үш ай бойы өтінімдер қабылданған болатын. Бүгіннен бастап Телерадиокорпорацияның шығармашылық бірлестігі мен арнайы құрылған Көркемдік кеңестің қабылдаған нұсқасы бойынша түсірілім жұмыстарына әзірлік басталды.

abaj-175-zhyl-16h9-kasting-1024x576.jpg

Үміткерлер өзі туралы ақпаратты (фото, видео) 15 ақпанға дейін casting.abai@kaztrk.kz поштасына жолдай алады.

Анасын өлтіру үшін киллер жалдаған рэп жұлдызы 99 жылға сотталды
Мағазы Масанчи деген кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу