Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
АҚШ-тың Чикаго қаласының тұрғыны Young QC атымен танылған рэпер Кавман Уилсон аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 99 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2012 жылы киллер жалдап, туған анасын өлтіруге тапсырыс берген, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.
Анасын өлтіру үшін киллер жалдаған рэп жұлдызы 99 жылға сотталды
Рэп жұлдызы туған анасы Иоланда Холмсті өлтіру үшін арнайы адамды жалған деп жазады Chicago Sun-Times басылымы. Өнер иесі мұндай қылмысқа ақша үшін барыпты.
Дегенмен Кавман онсыз да жалғыз мұрагер болған, ал оның анасы Илонда оны қатты жақсы көрген. Ол ұлынан ештеңе аямай, үнемі қыбат, бағалы сыйлықтар жасап тұрған. Алайда бұл Кавман үшін аздық етіпті.
Киллер Юджин Спенсер әйелдің үйіне барып, ол ұйықтап жатқан кезде басынан атып жіберген. Кейіннен өзіне тапсырыс берген жігітке хабарласқан. Ал ол киллерден анасының өлгеніне көз жеткізуін сұраған. Содан соң ер адам үйге қайта оралып, рэпердің анасын жауыздықпен қайта пышақтап тастапты.
Біраз уақыт бойы киллер қайғыдан қан жұтқан ұлдың рөлін сомдап жүрді. Алайда бірнеше айдан кейін ол шоттан 70 мың доллар шешіп алып, ақшаны сәнді киімдерге жұмсапты.
Жігіт, тіпті, анасының ақшасын жанкүйерлеріне таратып жатқанын бейнебаян ретінде түсіріпті.
Ұзақ тергеп-тексеруден кейін кісі өлтірушінің кім екенін анықтау мүмкін болды. Алайда 30 жастағы Кавман Уилсон сотта анасын одан артық ешкім жақсы көрмеген сөз етті.