Күйзелістен қалай тез арылуға болады?

Oinet.kz 05-03-2019 1074

751-1476212895-5de520554c.jpg

Бүгіндікке мазаңыз қашып, әлденеге алаңдулысыз ба? Немесе күнделікті күйбең тіршлілік, жайсыз жағдайлардың  жиілеуі  жүйкеңізді жұқартты ма?

 Ойыңызды тазартыңыз!

Бір сәтке тоқтаңыз! Тынышталыңыз да  өз-өзіңізді   түсініп, осыған алып келген жағдайды ойлап, оған талдау жасаған жөн. Енді барлығын миыңыздан шығарып тастап, жаман ойдан  тазартыңыз!

Серуендеп келіңіз!

Уақытыңыз қаншалықты тығыз болса да серуендеп келіңіз. 5 минут уақыт аз дерсіз, дегенмен миыңыз тынығып, ойыңыз жинақталып қалады.

Күлімдеңіз!

Мойындағы, иықтағы және бет бұлшық еттері адамның көңіл-күйіне әсер етеді . Адам сәл ғана жымиған сәтте бұлшықеттер босаңси бастап, көңіліңіз орнына түседі.  

Комедия, күлкілі видеолар көріп демалғанға не жетсін!

Кітап оқыңыз!

Жақсы кітап жанға жайлылық сыйлайды. Жан тыныштығы үшін романтика немесе фантастика жанрындағы кітап оқыңыз. Қызығына батып, бар ойыңыз сонда болады.

Шөптік шай ішіңіз!

Күйзеліске түссеңіз кофеин көмектеспейді. Ал шөптік шайдың әсері мол, әсіресе тыныштандыратын шөптік шай ішіп бір сәт демалып алғаныңыз дұрыс.

Терең демалыңыз!

Терең демалып, жан-дүниеңіздегі бар жамандықты шығарып тастауға тырысыңыз. Жаттығуды 2-3 рет жасағаныңыз жөн.

Дереккөз : anabol.kz

Баланың бойын өсіру жолдары
Ұйықтар алдында неліктен компьютер қолдануға болмайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу