Декреттегі қызметкердің жұмысын атқарғаным үшін сыйақы ала аламын ба?

Oinet.kz 08-11-2019 1016

Жұмыс.jpg

Сұрақ: Мен декреттік демалыстағы қызметкердің жұмысын қоса атқарудамын. Қоса атқарылған жұмысым үшін сыйақы ала аламын ба?

Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 111-бабына сәйкес, лауазымды қоса атқару кезеңінде еңбекке ақы төлеу сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын жұмыскерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі.

Лауазымды қоса атқару кезінде жұмыскерге қосымша сыйақы жүргізіледі, оның көлемі жұмыс беруші мен жұмыскердің келісімі бойынша белгіленеді.

Жасы 14-ке толмаған оқушы еңбек шартын жасай ала ма?
Заң жүзінде қызметкерді тәртіптік жазаға қалай тарту керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу