Бастығынан беделі жоғары: Бозымбаевтың бір артықшылығы, бір кемшілігі

Oinet.kz 16-04-2025 92

Қазақстанда шенеуніктердің рейтингісі бойынша Мәжіліс депутаты Ерлан Қошанов бірінші орын алады. Әрине, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан кейін. 

Screenshot_10.jpg

«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы әдеттегіше Қазақстандағы саяси элитаның бірінші тоқсандағы рейтингісін жария етті. Соңғы кездері сарапшылар рейтингті мемелекеттік органдардың жұмыс тиімділігіне, оған жетекшілік ететін басшының беделі мен елмен қарым-қатынасына қарап бағалайтын болған. 

Бірінші тоқсанның қорытындысына сәйкес елімізде жұмыс тиімділігі, басшының ақпараттық ашықтығы мен беделі параметрлері бойынша Мәжіліс, оның төрағасы Ерлан Қошанов бірінші орын алды. Қошановтың бұл тізімде бас жүлдені бермей келе жатқанына біраз жылдар болып қалды. 

Екінші орынды Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин иеленді. Сарапшылардың ойынша, соңғы кездері Қариннің саяси белсенділігі күшейе бастаған. Оны сөздерін Президент те жерге тастамайтын көрінеді. 

Үшінші орынды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев иеленіп отыр. Сенат ақпараттық жағына ашық орган. Ал, жұмыс тиімділігі жағынан тұрақты болып қалып отыр. Төртінші орынды Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу иеленді. Нұртілеудің жұмысын сарапшылар «кереметтей болмаса да тұрақты» деп бағалаған. Үздік бестікті Астана қалалық әкімдігі аяқтады. Сарапшылардың ойынша, Жеңіс Қасымбек өзін жақсы басшы, сапалы басқарушы ретінде көрсетіп келеді (бұған елордалықтардың өздері не айтар екен?). 

Үкімет жетекшісі Олжас Бектенов рейтингте жетінші орынды алса, оның орынбасары, вице-премьер Қанат Бозымбаев одан бір сатыға жоғары, алтыншы орыннан көрінді. Яғни, сол баяғыша вице-премьердің рейтингісі премьерден де жоғары болып шықты. Сарапшылардың ойынша, Олжас Бектеновтың жұмыс тиімділігі біршама төмендеген. Ол мүмкіндігінше әрекет етуге тырысуда, бірақ бәрібір оған стратегиялық қадамдар жетіспейді. 

Ал беделі бастығынан жоғары Бозымбаев та кемшіліктен кенде емес. Ол дәл қазір Үкіметте нағыз менеджер, тіпті құтқарушы саналады. Бозымбаевтың артықшылығы, ол жұмысын тиімді ұйымдастыра біледі, абырой-беделі де жоғары. Кемшілігі—көпшілік үшін томаға тұйық, көбіне көлеңкеде жүргенді тәуір көреді. 

Әкімдіктер өртке дайын емес
Шымкентте «лайк» баспаған қызметкерлерге ескерту берілген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу