Қозбеков Көшеровтің орнын басты

Oinet.kz 10-04-2025 122

Түркстан облысы әкімінің экономика жөніндегі орынбасарының орны 4 ай бойы бос тұрып, оның иесі өткен аптада белгілі болды. Бұл креслоға Талғат Жапарханұлы Қозбеков отырды.

Screenshot_25.jpg

Талғат Қозбеков еңбек жолында салық органдарына істеген.  2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында және Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып қызмет етті.

2022 жылдың қыркүйек айынан бері Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы қызметін атқарып келді.

Талғат Қозбеков облыс әкімінің орынбасары ретінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп, ¶ұрылыс, мемлекеттік сатып алу, ¶аржы және мемлекеттік активтер, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларының жұмыстарына жетекшілік ететін болады.

Бұған дейін Түркістан облысы әкімінің экономика, қаржы салаларына бақылау жасайтын орынбасары қызметін Нұралхан Көшеров атқарып келген. Ол биыл қаңтарда облыс әкімі болды. Яғни, Қозбеков сол кезден бері бос тұрған Көшеровтің орнын басты деген сөз.

Еңбек жолдарына қарағанда, Көшеров пен Қозбеков Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде бірге жұмыс істеген. Яғни, кеше салық департаментінде бастық-орынбасар қызметі енді бүгін Түркістанда әкім-әкім орынбасары болып жалғасты.

Жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тілейміз!

«Машкевичтің мұрасы»: Шымкенттегі жалғыз жылу орталығының жайы не болады?
Түркістан облысының ауылдары ауыз сумен 98,1 пайыз қамтылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу