Кіші Қожабаевтың соты басталды

Oinet.kz 29-01-2025 162

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымын атқарған Дәуренбек Қожабаевтың ісін қарауды бастады. 

Screenshot_3.jpg

Алғашқы сот отырысы 31 қаңтарға белгіленген. Бұған дейін халықаралық іздеуде болған Дәуренбек Қожабаевтың ұсталғаны осыдан екі ай бұрын белгілі болды. Ал Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі оған халықаралық іздеуді 2023 жылдың жазында жариялаған еді.  Дәуренбек Қожабаев уақтысында құзырлы органдарда  жоғары лауазымдарды атқарған Мақсат Қожабаевтың інісі. Мақсат Қожабаев  бірнеше облыста прокурордың орынбасары, антикордың басшысы қызметтерін атқарған. Соңғы жылдары Шымкент қаласының прокуроры, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары болған. Ол бұл қызметтен 2022 жылы босатылды. 2023 жылдың басында оның ұсталғаны туралы ақпарат тарады.  Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен Мақсат Қожабаев алаяқтық жасады деген айыппен 5,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Кейбір ақпараттарға қарағанда Дәуренбек Қожабаев параны қылмыстық жауапкершіліктен құтқару үшін жергілікті мектеп директорынан алған. Оған қатысты тергеу амалдары көпке созылған жоқ. Сот процесі де ұзаққа бармауы мүмкін. Әзірге белгілісі, ол өзінің ісін алқа билердің қатысуымен қараудан бас тартқан.

Егер Қожабаевқа тағылған айып дәлелденсе...

Онда оны осы лауазымға алып келген антикордың басшылары сұрақтың астында қалатын шығар. Әзірге әліптің артын бағайық.

Қызтекелерге мәжілісмендерден жалынды сәлем!
МӘМС: Сапаны жақсарта ма, сарсаңға сала ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу