Дональд Трампқа тағы қастандық жасалды

Oinet.kz 16-09-2024 1153

 trump-768x432.jpg

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа тағы да қастандық жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

New York Post басылымы таратқан мәліметке сәйкес, АҚШ-тың құпия қызметі Дональд Трамп Флорида штатындағы Вест-Палм-Бичтегі гольф-клубынан шығып бара жатқан кезде атыс болғанын байқаған. 

Өкілдер палатасының мүшесі Марджори Тейлор-Грин қазіргі уақытта Трампқа ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтты. 

Трамп оның маңайында болған атыстан соң қауіпсіз жерге орналастырылды. Әзірге басқа ақпарат жоқ, - деп жазды Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында Марджори Тейлор-Грин. 

Еске салсақ, АҚШ-та 13 шілде күні президенттікке кандидат әрі елдің бұрынғы президенті Дональд Трамптың Пенсильвания штатында өтіп жатқан сайлауалды үгіт-насихат митингі кезінде оған қастандық жасалған еді. Кейін экс-президентті кім атқаны анықталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті, кезекті президенттік сайлау үміткері Дональд Трампқа жасалған қастандық жайлы жаңалыққа бейжай қарамай, өз пікірін білдіріп, қатаң айыптады.

 


Генералдың басына бұлт үйірілді
Генерал Таев туралықтан тайды ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу