«Бухгалтерлер ісі»: 21 азаматқа сот үкімі оқылды

Oinet.kz 25-07-2024 579

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны, қаражаттарды заңсыз заңдастырғаны, ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық жасап және оған қызметтік бабын пайдалана отырып қатысқаны үшін айыпталған Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы кешегі күні Жоғарғы сот хабарлады. 

Screenshot_22.jpg

«3 жыл бойы Талдықорған білім бөлімінің бас бухгалтері  әріптестерінен құралған (7 – білім бөлімі және 14 – орта мектеп) қылмыстық топ ұйымдастырған.Оның басшылығымен ұйымдасқан топ алдын ала сөз байласу арқылы жалған жұмыскерлерге және мектеп қызметкерлеріне белгіленген лауазымдық жалақыларынан тыс жалақы есептеу арқылы 4,5 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

Ұрланған қаржыны сотталушылар туыстарының банктік шоттарына аударып, содан кейін қылмыстық рөлдерге сәйкес өз араларында бөлген. Аталған қаражатқа жылжымайтын мүлік, жер учаскелерін, автомобильдер, зергерлік бұйымдар және тағы басқа да дүниелер сатып алған. Сотталушылардың кінәсі олардың айғақтарымен, сондай-ақ куәгерлермен, мамандардың және сот сараптамаларының қорытындыларымен, қылмыстық істің басқа да материалдарымен расталады. Сотталушылар кінәләрін тек жымқыру бөлігінде мойындады, қалған бөлігінде оларды ақтауды сұрады.

Сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталушылардың жеке басын ескере отырып, оларды кінәлі деп танып, үкім шығарды: 

  • қылмыстық істің бас фигуранттары  12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 

  • 15 сотталушы 7 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

2 сотталушы келтірілген залалды толық өтеуіне байланысты ҚК-тің 189-бабының 4-бөлігі 2) тармақшасы бойынша шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Бір бухгалтерге қатысты қылмыстық іс оның қайтыс болуына байланысты ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды.  Сотталғандардың 3 млрд теңгеден астам ақшалай қаражаты, зергерлік бұйымдары, жылжымайтын және жылжымалы мүлкі тәркіленді», - делінген Жоғарғы соттың таратқан мәліметінде. 

Сыздықбеков сатқындықты кешіре ме?
Бектенов 6 әкімге ескерту жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу