Дендросаябақ директорының ісі сотқа түсті
Шымкенттегі Дендросаябақ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
--Департамент А.Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК директорына, кадр бөлімінің басшысына, сондай-ақ бас бухгалтеріне қатысты 14,7 млн. теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Тергеу барысында күдіктілер кінәні толық мойындап, келтірілген залалды өтеді. Қылмыстық іс қала прокуратурасымен сотқа берілді. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі,-делінген жазбада.