Өзбекстан Қазақстан шекарасынан 55 шақырым жерден АЭС салмақ

Oinet.kz 20-06-2024 544

8a6101c4-1c83-4568-9fda-dc02833dc578.jpeg 

Қазақстан Энергетика министрлігі Өзбекстандағы атом электр станциясының құрылысы жайлы ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Росатом Жизақ облысы Тұзқан көлінің маңындағы алаңда атом электр станциясын салады. Бұл жер Қазақстан шекарасына жақын орналасқан – бар-жоғы 55 шақырымда. 250 шақырым радиуста Түркістан облысы мен Шымкент қаласының халқы тұрады. Онда тұратын адам саны 3 млн адамнан асады.

Еске сала кетейік, 2024 жылдың 27 мамырында Владимир Путин мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барған.  Сол кезде Ресей Жизақ облысында АЭС салуды көздейтін хаттамаға қол қойылды. Росатом станция құрылысының бас мердігері болады, құрылысқа өзбек компаниялары да тартылады.

Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ, жуық арада түсе де қоймайтыны анық. Әуелі АЭС құрылысы жайлы сөз болғанда жұртшылықтан қолдаудан гөрі қарсылық көп болған. Үлкен ауылындағы бір тыңдаудан кейін билік те референдум өткізбей, шешім қабылдау қиын екенін түсінсе керек. Тоқаев "референдум өтеді" дегелі алты ай өтіп кетті. Оның өтер күні әлі белгіленген жоқ.

 


Мүгедектерді шырылдатқан шенеунік
Дендросаябақ директорының ісі сотқа түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу