Мақсұт Исаховқа үкім шықты
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исаховты 8,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Экс-орынбасар «пара беруге оқталды» деген айып бойынша кінәлі деп танылды. Үкімді Исахов онлайн тыңдады. Үкім әлі күшіне енген жоқ. Сотталушы тарапта апелляциялық алқаға шағымдану құқығы бар.