Иран президенті әуе апатында қаза тапқан болуы мүмкін
Иран Мемлекеттік телеарнасы әлемдік агенттіктердің президент Ибрахим Раисидің тікұшағының бөлшектері табылған жерден тіршілік белгісі байқалмайтынын хабарлап жатқанын жеткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Бұл ретте құтқарушылардың оқиға орнына жеткен-жетпегені, адамдардың мерт болғаны туралы болжам дрондардың түсірілімдері негізінде жасалды ма, ол жағы әзірге белгісіз.
Reuters агентігінің Иран шенеуніктерінің біріне сілтеме жасап хабарлауынша, ұшақта болғандардың барлығы мерт болған болуы мүмкін.
Осыған дейін Иран президенті мінген тікұшақтың апатты жағдайда қонғаны хабарланған болатын.
Кейінірек Иран вице-президенті Мохсен Мансури Ибрахим Раиси мінген тікұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін қасындағы екі адам бірнеше реет байланысқа шыққанын айтты.
Ресей президенті Владимир Путин апатты жағдайда қонған Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақты іздеуге көмектесу үшін 50 құтқарушы, екі ұшақ пен тікұшақ жіберуге бұйрық берді.