Сең қозғалды: Әлия Назарбаеваның үстінен іс қозғалуы мүмкін

Oinet.kz 25-04-2024 378

Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваның мәселесімен енді Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті айналысады. Осылайша прокуратура кенже қыздың үстінен жазылға арыз бойынша тергеу амалдарын жүргізуден бас тарту туралы полицияның шығарған шешімінің күшін жойды. Бұл туралы «ТПК Азия» серіктестігінің тең құрылтайшысы Нұрлан Бимурзин баспасөз мәслихатында мәлім етті. Бұл туралы kz.kursiv.media порталы хабарлады. 

Screenshot_2.jpg

Айта кетері, кәсіпкер бұған дейін Әлия Назарбаева мен Конституциялық кеңестің бұрынғы төрағасы Игорь Роговтың жұбайы бизнестерін тартып алғанын мәлімдеген болатын.

 «Алматы полициясы Әлия Назарбаеваның үстінен қылмыстық іс қозғай алмаған еді. Прокуратура бұл шешімнің күшін жойып, істі қалалық Экономикалық тергеу департаментіне берді. Сең қозғалды деп айтуға болады», – деді Нұрлан Бимурзин.

Сонымен қатар кәсіпкер 2003 жылы «Ескі Қазақстан» өкілі әкесінің кәсібін қалай тартып алғанын айтып берді. Оның сөзінше, Конституциялық Кеңес төрағасы Игорь Роговтың әйелі Валентина Рогова мен Әлия Назарбаев оның әкесіне тиесілі 7 мұнай базасы мен 96 жанармай құю бекетін тартып алған. Активтердің жалпы құны 170 миллион долларды құрайды.

Бұған дейін, ол құқық қорғау органдарына арыз жазған.  Алайда кейін оның арызына полиция Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 179-бабына сілтеме жасап, іс қозғай алмағанын хабарлаған. Енді кәсіпкер қарсы тараптың қорқытып-үркіткеніне қарамастан, марқұм әкесінің бизнесін қайтаруға бел буып отыр.

Брифинг барысында тағы бір Назарбаев әулеті мүшесінің аты аталды. Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қарындасы –  Әнипа Назарбаева. «Кенжехан» базарының негізін қалаушылардың бірі Қуаныш Жаңбырбаевтың айтуынша, 1997 жылы сауда орны тұрған аумақ қоқыс полигоны болған. Кейін өзінің серіктестерімен бірге арнайы рұқсат қағаздарын алып базар ашқан.

«2001 жылы түрлі мәселелер басталды. Әнипа Назарбаева біздің үстімізден құжат жасап, түрлі айла-тәсілдермен базарды тартып алды. Осыдан соң мәселенің әділ шешімін сұрап, Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгіндік. Алайда оның адамдары барлығын реттейміз деп, істі жылы жауып аяғына дейін жеткізген жоқ. Ал Қаңтар оқиғасынан кейін Әнипа Назарбаевамен кездестік. Ол маған компания үлесін беретінін айтты. Бірақ кейін ол базарды қызына тиесілі компанияға 640 млн теңгеге сатқаны белгілі болды», – дейді кәсіпкер.

Қуаныш Жаңбырбаевтың айтуынша, базардың жаңа қожайыны саудагерлерге контейнерлерін қайтадан 325 мың теңгеден сатып алуды талап еткен.

«Бұл саудагерлерге жасалып отырған геноцид. Сауда жасап отырған адамдарға бір контейнерді бірнеше рет қайта сатып қанап отыр. Адал еңбек етіп жүрген халықты адам демейді. Сол үшін бұл істі соңына дейін жеткізіп, мәселені заң бойынша шешу керек», – деді «Кенжехан» базарының негізін қалаушылардың бірі.

«Лайк жинау үшін…»: Депутаттар мен министрлер апат аймағында арзан пиармен айналысып жүр
Tik-Tok-қа шектеу қойылуы мүмкін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу