Сөз бостандығының халі мүшкіл

Oinet.kz 03-04-2024 404

«Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымы (RSF)   баспасөз өкілдеріне қатысты қуғындау саясатын ұстанғаны үшін Қазақстан билігін айыптады. Бұл туралы Ranking.kz порталы хабарлады. 

Screenshot_5.jpg

Аталған ұйым Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстандағы сөз бостандығы туралы материал жариялаған. Оған қарағанда, реформалар туралы әңгіме қозғалғанымен, соңғы бес жылда елде тәуелсіз және билікті сынайтын ақпарат құралдарына қатысты  цензура күшейген. 

Бүкіләлемдік баспасөздің еркіндігі туралы рейтингте (The World Press Freedom Index) Қазақстан 122-ден 134-ке төмендеген. Рейтингті жоғарыда аталған ұйым әлемдегі 180 ел бойынша түзген. Рейтинг осы саладағы сарапшылардың пікірі бойынша жүргізіледі. Бес көрсеткіш негізгі алынады: саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени контекс, құқықты база және қауіпсіздік. 

WPFI индексі бойынша рейтингтің көшбасшылары әдеттегіше еуропалық мемлекеттер. Бірінші орында Норвегия, одан кейін Ирландия, Дания, Швеция  және Финляндия тұр. Орталық Азия елдері де Қазақстанмен бір деңгейден орын алған. Ресейдегі сөз бостандығы да мәз емес. Ол рейтингте 164- орыннан көрінген. 

Сөз бостандығын қорғайтын «Әділ сөз» халықаралық қорының таратқан мәліметіне қарағанда, соңғы жылдары елімізде журналистердің құқығын бұзу, ақпарат беруді шектеу фактілері жиілеген. Былтыр осындай 208 дерек тіркелген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда үштен бірге көбейген. 

«Өзі отырған бұтақты кеспейді»: Әлихан Смайыловтың тағайындауы туралы ел не дейді?
Мақсат Толықбай: Көпірме баяндамалардан көк тиын пайда жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу