Тоқаев Президент Әкімшілігінде тағайындау жүргізді

Oinet.kz 09-03-2024 251

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігінде тағайындау жүргізді, - деп хабарлайды Oinet.kz.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының түлегі. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 25 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

Мысығына дейін аспаз жалдаған... Көпбасаровадан кейін Түркістан театры қымбат спектакль қоя ма?
Шымкентте біраз мектеп күзетсіз қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу