Мысығына дейін аспаз жалдаған... Көпбасаровадан кейін Түркістан театры қымбат спектакль қоя ма?

Oinet.kz 11-03-2024 591

mysyg-ynyn-aspazy-bar-aynu-r-tu-rsynbaeva-k-u-rbysy-aynu-r-kopbasarovanyn-k-u-piyasyn-aytyp-k-oydy_1709128405 (1).jpg 

Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева өнердегі құрбысы Айнұр Көпбасарованың отбасылық өмірін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, суретте қасында тұрған Қазақстандағы ең сәнді киінетін, Абай атындағы опера және балет театрының директоры, өнердегі құрбысы Айнұр Көпбасарова.

“Айнұр – Абай атындағы опера және балет театрының директоры. Бірақ әңгіме ол туралы емес, оның мысығы туралы. Естеріңізде ме, Ардақтың мысығы туралы айтқаным. Ал Айекеңнің Коко деген мысығы бар. "Ит иесіне тартады" деуші еді ғой. Айнұрдың мысығы өзі сияқты салмақты. "Коко", "Кокожан" деп еркелетіп жатсаң көзін әрең ашып, жақтырмай қарап тұрады”, – деп сипаттап берді айтыскер ақын. 

Сонымен қатар айтыскер ақын театр директорының үйінде арнайы мысығына ас әзірлейтін аспаздың да барын айтты. 

“Айнұр пәлен жыл Түркістанда жұмыс істеді ғой. Бір күні Айнұрдың Астанадағы үйіне барсам, бір апа жүр. “Күні бойы жалғыз өзі іші пыспай ма, өзің үйде емессің десем: “Коконың тамағын істейтін аспаз” деп қарап тұр. Коко шұжық, ет жемейді екен. Тіпті, жылытпаға қарамайды екен… "Ойбай, келесі жолы кетсең мені Коконың қасына тастап кетші" дедім. Біз жылытпаны жей береміз ғой. Қысқасы, қазіргі заманның мысықтары құтырған екен”, – деп жазды өнер иесі. 

Бұған дейін Түркістанда ашылған музыкалық драма театрдың директоры, кейін көркемдік жетекшісі  Айнұр Көпбасарова ақпан айында  Алматыдағы Абай атындағы Ұлттық академиялық опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалған болатын.

Айнұр Көпбасарова  Түркістанда бірнеше қойылымдардың идея авторы болған. Оның жетекшілігімен сахналанған  “Бөрте” спектакліне 246 млн 750 мың теңге қаржы бөлініп, ол ақпарат құралдарында көп талқыланды. Мұншама қаражат бұған дейін Қазақстандағы ешқандай театрға, қойылымға бөлінбеген көрінеді. Жуырда Түркістан театрындағы «Келіндер көтерілісі» қойылымына бөлінген 90 миллион теңге де облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында қызу талқыланған болатын. Депутаттардың біразы оған қарсы шықты.

Көпбасарова кеткен соң Түркістан театрында қымбат спектакльдер қою, Алматы, Астанадан режиссерлер, әртістер шақыру үрдісі жалғаса ма әлде жылы жабылып қала ма? Бұған Түркістан театрының, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшылары не дейді?

 

  

 


Болатбек Әлиев: Білім беру саласы сыбайлас жемқорлықтың ордасына айналды
Тоқаев Президент Әкімшілігінде тағайындау жүргізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу