Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетін басқаруы мүмкін

Oinet.kz 15-02-2024 312

image.png

Ұлттық олимпиада комитетінің президенттігіне боксшы Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri Sport басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

14 ақпанда ҚР ұлттық олимпиада комитетінің тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткен. Отырыста комитет президентіне кандидаттар ұсынылған.

"Федерациялар ҰОК президенттігіне Геннадий Геннадьевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды", – делінген комитеттің ҰОК бас ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатында.

Олимпиадалық спорт федерацияларынан өтінімдер 11 ақпанға дейін қабылданды. Енді бұл орындарға бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, ҰОК жалпы мәселелер жөніндегі вице-президенті Данияр Әбілғазин, боксшы әрі Спорт және дене шынықтыру комитетінің бұрынғы басшысы Серік Сәпиев, Спорт және дене шынықтыру комитетінің басшысы Ербол Мырзабосынов таласуда.

Осыған дейін желіде бокстан бұрынғы әлем чемпионы ҰОК басшысы ретінде қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың орнына келеді деген ақпарат тараған болатын.

Елімізде жайылым жерлер ауыл әкімдерінің құзыретіне берілмек
Шымкентте ҰҚК департаменті бастығының орынбасары ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу