Елімізде жайылым жерлер ауыл әкімдерінің құзыретіне берілмек
15 ақпанда сенат отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралып, заңнаманы жетілдіру ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Жайылымдар туралы" заңға "Көпшілік пайдаланатын жайылымдар" туралы жаңа ұғым енгізіледі.
“Қоғамдық жайылымдар елді мекендердің іргелес аумағында орналасады және жеке ауланың мал жаю бойынша жергілікті халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Оларды ауылшаруашылық жерлерінің басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынады. Сонымен қатар, олар жеке меншікке және жерді пайдалануға берілмейді және тек халықтың мал жаю қажеттіліктері үшін пайдаланылады”, – деді сенатор Сәкен Арубаев.
Сенат депутатының айтуынша, "Көпшілік пайдаланатын жайылымдар" көлемін ұлғайту мақсатында ауылдық елді мекен шекарасынан тыс орналасқан жайылымдарды ауыл әкімдерінің құзыретіне беру туралы норма ұсынылып отыр.
“Қазіргі кезде олар аудандық атқарушы органның құзыретінде. Бұл норманың басты мақсаты – жеке мал жаю үшін жайылыммен қамтамасыз етуге қатысты ауыл әкімдерінің құзыреттерін кеңейту және жайылымдарды пайдалану туралы жоспардың кешенділігін қамтамасыз ету”, – деп атап өтті ол.
Жайылымдарды пайдалану туралы жоспар енді 5 жылға арналып жасалады.