Педофилді бақыламаған қызметкер сотталды

Oinet.kz 14-02-2024 331

Сарыағашта былтыр 5 жастағы қызды зорлап, бұдан кейін қатыгездікпен өлтірген педофил, кісі өлтірушіні тиісті деңгейде бақыламаған пробация қызметкеріне сот үкімі шықты.

Screenshot_4.jpg

Дәлірегі осындай ауыр қылмысты жасаған кезде қылмыскер бұған дейін ауылдасын балтамен ұрғаны үшін шартты жазаға кесіліп, пробациялық бақылауда жүрген.

Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сарыағаш аудандық пробация бөлімінің қызметкері  сотталған адамға қатысты лауазымдық нұсқаулықты тиісті деңгейде атқармаған деп айыпталды. Яғни, салғырттық танытып, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттілік берілген адам ретінде өз міндеттеріне адал қарамаған, соның салдары абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан. Оның бұл әрекеті ауырлығы орташа санатындағы қылмысқа жатады.

«Сотталушы ҚР ҚК-тің 371 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 2 жыл мерзімге құқық қорғау органдарында лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген Түркістан облысы сотының баспасөз қызметі хабарламасында.

Айта кетері, бүлдіршінді өлтірген Гаибназаровтың өзі былтыр сот үкімімен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгені белгілі. 

18 жыл бойы ашылмаған шындық
Бектенов жұмысын сын айтудан бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу