Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Парақорлық, сыбайлас жемқорлықпен ұсталып, темір торға қамалып жатқандар қаншама. Бірақ қылмысқа барушылар, қызметке тұру, белгілі бір қызмет түрін алуда тамыр-таныс іздеп, солар арқылы пара берушілер тыйылар емес. Мысалы, Шымкент тұрғындары балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген.
Еңбекші АПБ-ға алаяқтық туралы арызбен үш әйел жүгінген. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде берген, деп хабарлайды Polisia.kz. Күдікті бұл қызметі үшін үш әйелдің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 12 миллион теңге. Есепшотқа салсақ, әрқайсысы 4 млн теңге берген болып тұр ғой. Аталған жайт бойынша полицейлер тергеуді бастады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда, әйел қамауда отыр.