Абылай Мырзахметовты сотта төрт адвокат қорғайды

Oinet.kz 22-01-2024 315

91102.jpeg

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мырзахметов ісі бойынша басты сот отырысы ашық түрде және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатыр. Мырзахметовтің өзі бұрын бұлтартпау шарасын жеңілдетуден бас тартылғандықтан, сот отырысы кезінде қамауда отыр. Кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысын қорғау үшін төрт адвокат тағайындалды. Айта кетейік, 15 қаңтарда Астана сотында Мырзахметовтің ісіне қатысты алдын ала тыңдау өтіп, оған қандай баптар бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Оның ісі Қылмыстық кодекстің 28-бабы, 4-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі және 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралып жатыр. Яғни, қылмыстық құқықбұзушылыққа итермелеу, аса ірі мөлшерде және бірнеше рет немесе адамдармен бірігіп пара беру, сондай-ақ аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша іс қаралуда. Одан бөлек, бұл іске сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Талғат Боранбаевтың да қатысы бар екені белгілі болды. Прокурордың айтуынша, Мырзахметов дәл оған қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған. 


Шымкенттегі ескі ипподромның жеріне қатысты дауға Бас прокуратура араласуы мүмкін (видео)
Бұрынғы Мәжіліс депутаты Сайрамда заманауи мал базарын ашпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу