Депутат Президент пен төрағаның көзін құртуды көздеген бе?

Oinet.kz 19-01-2024 331

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Парламент ғимаратының екінші қабатынан секіріп, бой тасалаған депутат Эмиль Жамғырчиев ісінің мән-жайын айтып берді.

Screenshot_10.jpg

«Кабар» ұлттық агенттігіне берген сұхбатында Садыр Жапаров Эмиль Жамғырчиевтің Өзбекстанмен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткенін, кәсіпкер Сәлімбай Әбдувалиевпен кездесіп, «екі достың»  көзін құртуға көмектесуін өтінгенін айтты. «Бұл іс бойынша ҰҚК және Өзбекстанның арнайы қызметтері тергеу жүргізіп жатыр. Нәтижесі қандай болатыны мені қызықтырмайды», – деді Жапаров. Қырғыз елінің  ақпарат құралдары атап өткендей, Садыр Жапаров пен ҰҚК төрағасы Камчыбек Ташиевті қоғамда «екі дос» деп атайды.

Ал Эмил Жамгырчиев бүгін, яғни 17 қаңтарда Жогорку Кеңеш отырысында өзі жайлы мәліметтермен таныстырмақ. Ол «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Ақ үй ғимаратынан неге кетіп қалуға мәжбүр болғанын айтқан. «Салимбай байбачаға» жазған хаты жайлы бұл ақпараттан хабарсыз екенін жеткізді. «Менің бар білетінім, бұл хатты арнайы комиссияда жариялапты. Бұл іс бір жылдан бері созылып келеді. 17 қаңтарда өтетін Жогорку Кенеш отырысында өзім осы жайлы сұрамақпын», – деді депутат. 10 қаңтарда Жогорку Кеңештің отырысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиев депутат Эмил Жамгырчиев Өзбекстандағы қылмыс әлемінің белсендісі Салим Абдувалиевке жазған делінген хатты көрсеткен. Онда 10 беттік хат жазып, Қырғызстанда қысымға алынып жатқанын айтып, көмек сұрағаны айтылған. «Салим Абдувалиев – Өзбекстанның қылмыс әлемінің белсендісі деп ашық айтуымыз керек. Эмил Жамгырчиев одан қолдау іздеп, біздің мемлекет басында отырған адамдарды жамандап, оларға шара қолдануды сұраған. Бұл не деген ақымақтық», – деген Камчыбек Ташиев. Сондай-ақ ол депутат Эмил Жамгырчиев 2022 жылдың желтоқсан айында Ташкентте Салим Абдувалиевпен кездескенін жеткізді. Ол «шекарадан заңсыз өтті деген айып тағылған қырғыз азаматтары қамауға алынбайды» деп, Эмил Жамгырчиевті ісі сотқа өтсе, сотқа келуге шақырды.

Жогорку Кеңеш Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуға рұқсат берді. Эмил Жамгырчиевті қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша құрылған депутаттық комиссияның төрағасы, депутат Алишер Эрбаев та Эмил Жамгырчиев 2022 жылы «Салимбай байбача» деген лақап атпен танымал Өзбекстан азаматы Салим Абдувалиевтен қолдау алу үшін Қырғызстан шекарасын заңсыз кесіп өтіп, жолыққанын айтты. Өзбекстанда 74 жастағы Салим Абдувалиевтің қамалғаны былтыр желтоқсанда белгілі болған.

«Тәуелсіздік» деген сөзден арылу керек
Болат Жанәбіл-басқарма басшысының орынбасары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу