Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Бәйдібек аудандық мәслихатының төрағасы қызметінен жуырда босатылып, Түркістандағы Конгресс хол сарайының басшысы болып тағайындалған Асқар Кенехан жуырда Президент Тоқаевқа хат жазып, «тәуелсіз» деген сөз тіркесінен арылуды ұсынды.
Біз осы аптада Асқар Кенеханның өзімен жолығып, пікірін сұраған едік.
- Менікі негізі ұсыныс. «тәуелді, тәуелсіз» деген сөзден айырылайық деген ой болды. Әлем тәжірибесіне көз жіберсек, “тәуелсіз Германия”, “тәуелсіз Финляндия”, “тәуелсіз Иран”, “тәуелсіз АҚШ” деген тіркестерді кездестірмейміз. Ресейде “День Росси” деген секілді сөздерді айтады. Ал бізде әлі “тәуелсіздік”деген сөзді қолданып келеміз. Біз кімге тәуелдіміз? Біз ешқандай тәуелді емеспіз, сондықтан оның орнына «Қазақстан күні», «Республика күні» деген сияқты ұғым қалыптастыруымыз керек»,-деген Асқар Кенехан ұсыныс хатқа әлі жауап келмегенін, бірақ алдағы уақытта келеді деген үміттеніп жүргенін мәлім етті. Оның пікірін замандастарының кейбірі қолдаса, енді біреулер қарсы болыпты.
Бұған сіз не айтасыз?
Қасиет ӨМІРБЕК