Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Бізге жеткен ақпараттарға қарағанда, ертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстіктің әкімдері, дәлірегі Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековты қабылдайды.
Қос әкімнің Мемлекет басшысының алдына не үшін баратыны айтпаса да белгілі. Түркістан мен Шымкенттің әкімдері былтыр атқарған жұмыстары бойынша Президенттің алдында есе береді, биыл атқаратын жұмыстарының жоспарын баяндайды. Тоқаевтың тарапынан да біраз міндеттемелердің жүктелетіні түсінікті.
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі лауазымына 2022 жылдың тамызында тағайындалған болатын. Ал Сыздықбеков Шымкенттің әкімі қызметіне былтыр қыркүйекте келді.
Екі әкім былтыр ауыз толытырып айтарлықтай қандай жұмыстарды атқарды? Сіз бұл туралы не айтасыз?