Қайда біздің «Жаңа Қазақстан»? Мұнайшылар Тоқаевқа тағы үндеу жолдады

Oinet.kz 02-01-2024 424

 6592709ab1e3e789772034.jpg

WestOilSoftware мұнай сервисі компаниясының жұмысшылары президент тағы үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұнайшылардың мәлімдемесі

«Бүгін 31 желтоқсан. Біз, WestOil жұмысшылары күні-түні тұрғанымызға бүгін 21 күн. Айтарға сөзіміз таусылды. Біздерді соттады, жеті адамды жұмыстан шығарды, әртүрлі жалған ақпарат таратты. Ұжым атынан өкілдерімізді Астана қаласына жібергенбіз. Алайда сол өкілдерімізбен қолында билігі бар үкімет басшылары кездесуге құлықсыз. Әлихан Смайылов, ел тағдырын қолыңызға ұстап отырып үнсіз қалуыңыз – сізге сын! Қайда біздің «Жаңа Қазақстан»? Қайда біздің «естуші үкімет»? Қайда біздің мандат аларда жан берісіп, жаға жыртысып сайланған депутаттар? Әлде сол депутаттар арандары ашылған олигархтардың қолшоқпары болып кеткен бе? Әділ шешім шыққанша, заңды ереуілімізді тоқтатпаймыз. Біздің талап осы!».

Естеріңізге сала кетсек, мекеме жұмысшылары 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жұмысты толығымен тоқтатып, ереуілге шықты.

Олар аталған мекеменің өндірістегі материалдық техникалық базасын жаңарту, мекеме жұмысшыларын «КазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қосу, еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің тарифімен теңестіру талаптарын қойған


Қазақстан бүгіннен бастап ҰҚШҰ-ға төраға болды
«Маған шетел асу туралы ұсыныс бірнеше рет айтылды». Президент Қаңтар оқиғасы туралы не деді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу