Қазақстан бүгіннен бастап ҰҚШҰ-ға төраға болды

Oinet.kz 01-01-2024 450

632337f8b2748101514441.jpg 

Қазақстан 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төраға болады, деп хабарлайды Kazinform.

Өткен жылдың 23 қарашасында Минскіде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамда өткен сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалық ету міндеті Қазақстан Республикасына өтетінін мәлімдеген еді.

Осыған орай Мемлекет басшысы Қазақстан төрағалығы кезінде Ұйым қызметі бойынша ерекше назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты ұсынды.

Президент ұсынған басым бағыттар:

— ҰҚШҰ-ның қауіпсіздік саласында мүдделі елдермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату;
— әскери ынтымақтастық мәселелері бойынша қарым-қатынас;
— халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл бағытындағы ынтымақтастықты дамыту;
— есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымына да қарсы күрес;
— қару-жарақтың заңсыз айналымымен және трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес;
— төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайту;
— ақпараттық технология саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимылды жандандыру.

 


Абылай Мырзахметовтың ісі сотқа түсті
Қайда біздің «Жаңа Қазақстан»? Мұнайшылар Тоқаевқа тағы үндеу жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу