Абылай Мырзахметовтың ісі сотқа түсті
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметовтың ісі сотқа түсті. Оның ісін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайтын болады.
Абылай Мырзахметов биылғы 10 мамырда ұсталған болатын.
Ол алаяқтық жасады және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деп айыпталып отыр.
«10 мамырда „Атамекен“ ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметов ұсталды. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деген күдікке ілінді. Күдікті Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген Антикор хабарламасында.