Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Астанадағы бас мешітте Нұрсұлтан Назарбаевтың бауыры Болат Назарбаевқа арнап берілген асқа «Ескі Қазақстанның» төрт көзі түгел жиналды. Жо-жоқ, түгел емес, осы дастарханның басынан табылуы тиіс, бірлі-жарым тұлғалар келмей қалды. Ал «Жаңа Қазақстаннан» кімдер болды?
Өмірзақ Шөкеев, Даниал Ахметов, Дариға Назарбаева, Берік Имашев, Нұртай Әбіқаев, Нұрлан Ермекбаев, Қайырбек Сүлейменов, Қалмұханбет Қасымов, Ерлан Тұрғымбаев, Қайрат Қожамжаров, Қайрат Мәми, Күләш Шәмшидинова, Марат Тәжин, Сауытбек Әбдірахманов, Ермұханбет Ертісбаев, Гүлшара Әбдіхалықова, Тимур Құлыбаев, Айдын Рахымбаев, Серікжан Сейітжанов, Ахметжан Есімов, Мырзатай Жолдасбеков, Алтынбек Қоразбаев, Бахтықожа Ізмұханбетов, Сергей Кулагин, Қырымбек Көшербаев...
Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айту үшін жайылған дстарханның басынан «Хабар 24» каналы арнайы репортаж берді. Хабарда негізінен осы тұлғалардың аты-жөндері аталды. Алайда мемлекеттік телеарна Назарбаевтың осы жиында айтқан сөздерін әр жерден үзіп-жұлып қана берді. Есесіне толық нұсқасын тұңғыш президенттің баспасөз қызметі таратты. Сонымен Назарбаев не деді?
- Мен өз басыма Алланың берген шаруасын орындадым деп санаймын. Түгел. Орындадым деп санап, 2019 жылғы наурызда осы мешіттің іргетасын Тоқаевпен бірге қалай бастадық. Соны қалап біткеннен кейін ертесіне мен өз еркіммен ойланып, билікті келесі буынға бердім. Қасым-Жомарт Тоқаев қолынан келгенше барлық шаруаны істеп жатыр. Әр буынның өзінің жолы болады... Сондықтан мен ештемеден қамықпаймын. Ештеңеден жалықпаймын. Ешқандай сөз маған тимейді. Себебі бұл мәселе біздің ұрпақтікі емес, бұл тарихтың мәселесі. Тарих өзінің айтатының бәрін айтады. Сондықтан мен оның бәріне өте байсалды түрде қараймын. Мен шаруамның бәрін түгел бітіріп бердім ұрпаққа. Біздің мақсатымыз елімізді ары қарай өркендету. Қиыншылық жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Дүниежүзі неше түрлі болып жатыр қазір. Ана жақта да мына жақта да. Құдайға тәуба, біздің елде соғыс оты ойнаған жоқ. Елімізді, тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін бір адамдай болып, Елбасының жасап жатқан шаруасын қолдауымыз керек. Онсыз болмайды. Онсыз мемлекет те болмайды. Сонда біз мынау жанымыздағы көршілерімізден экономикамызы бес есе, он есе көтеріп, ең алдына шығып кеттік. Неге? Біздің бірлігіміз болды. Қазақ біріккенде ылғи жеңетін. Қандай соғыстарда болса да. Ажырағанда жерінен, үйінен айырылатын. Бұл есімізде болсын,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.
- Нұрсұлтан Әбішұлы тарих сізге сізге ерекше тағдыр сыйлады. Кез келген пенденің басына бермейтін ерекше қасиеттер сіздің бойыңыздан орын тапты,-деген Қуаныш Сұлтановтың сөздері де ғалатор арқылы тарап кетті.
Кейбір ақпарат құралдары осы жиынан табылуы тиіс «ескіқазақстандықтардың» ішінде Иманғали Тасмағамбетовтың, Нұрлан Нығматулиннің, Амандық Баталовтың, Бауыржан Байбектің болмағанын атап өтті. Ал «Жаңа Қазақстаннан» екі-үш Мәжіліс депутат барған көрінеді. Бұдан басқа қазіргі билікте жүрген бірде-бір шенеунік төбе көрсетпеген. Бұл нені білдіреді? «Жаңа Қазақстан» мен «Ескі Қазақстанның» арасының тым алшақтағанын, түбегейлі бөлінгенін, енді қайтып бітіспейтінін бе?
Бірақ қалай десек те, «Ескі Қазақстан» өзінің үлкен күш екенін, бас біріктіре алатын көрсетті.