Әлтаев 12 жылға сотталуы мүмкін

Oinet.kz 22-11-2023 718

Астанада белгілі оппозиционер, тіркелмеген «Ел тірегі» партиясының жетекшісі,  Мәжілістің бұрынғы депутаты, бұрынғы Ауыл шаруашылығы вице-министрі һәм бұрынғы Еңбек вице-министрі Нұржан Әлтаевқа қатысты сот отырысы аяқталуға жақындап қалды. 

Осы аптадағы сот отырысында  мемлекеттік айыптаушы Әлтаевты  Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлімімен кінәлі деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. 

Нұржан Әлтаев биыл маусымда пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.  Кейінірек Нұржан Әлтаевтың Абылай Мырзахметовтен ай сайын 5 мың доллар пара алып отырғанын хабарланды

«Нұржан Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5 000 АҚШ доллары мөлшерінде ақша қаражатын алып отырды деп күдіктенеді. Кейіннен Әлтаев 2019-2020 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты лауазымын атқара отырып, Мырзахметовтен пара алу бойынша өзінің сыбайлас жемқорлық қызметін жалғастырды. Жалпы алғанда, ол пара ретінде 135 000 АҚШ долларын алды. Бұл аса ірі көлем болып саналады», - деп хабарлаған болатын антикор.

Әлтаевтың соты алғашқыда 20 қазанға белгіленді. Кейін 27 қазанда өтетін болды.  Бұдан кейін оның соты жабық режимге ауыстырылған еді. 

Кешегі күні сот Әлтаевқа он жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 


Шөкеев жарыққа шықты
Нұрсұлтан Назарбаев: «Тарих бәрін айтады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу