Шымкентте Мәдениет басқармасының басшысы 1 миллион теңге парамен ұсталды
Шымкентте антикор тағы бір басқарма басшысының жемқорлық фактісін әшкереледі.
-Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Ол өзінің қарамағындағыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда,-делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің таратқан мәліметінде.
Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысы қызметін Сәкен Шәкеев атқарады. Ол бұл қызметке биыл наурызда тағайындалған болатын.