Боксшы Қанат Ислам Тоқаевтан көмек сұрады
Боксшы Қанат Ислам президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, қолдау көрсетуін сұрады, деп хабарлайды Exclusive.kz тілшісі.
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Менің есімім Қанат Ислам, мен кәсіби боксшымын. Біз Qazaq promotion компаниясы 2016 жылдан бастап кәсіби бокс кештерін өткізіп жүрміз. Сол кеште тұңғыш жекпе-жегін өткізген Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахметов, Айдос Ермосынұлы сынды қазақтың мықты жігіттері шығып жүр. 2019-2020 жылдардан кейін әр түрлі себептермен біз кәсіби бокс кештерін өткізе алмай жүрміз. Осындай бокс кештерін өткізу мүмкіндігін бақылауға алып, қолдау көрсетуіңізді сұраймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді боксшы Қанат Ислам әлеуметтік желідегі парақшасында.
Боксшы 2-3 ай бұрын кәсіби бокс кешін өткізуге көмек сұрап, президенттің атын хат жазғанын, бірақ жауап алмағанын атап өтті. Қанат Исламның айтуынша, қазір кәсіби бокс кешіне дайындық жүріп жатыр.