Шымкенттің бас полицейі ауысты
Бүгін Шымкент қалалық Полиция департаментіне жаңа басшы келді. Бұл туралы жергілікті Otyrar.kz порталы хабарлады.
Жаңа басшы Думан Таевты ұжыммен Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың өзі таныстырған.
Думан Таев бұл қызметке Ақмола облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен ауысып келген.
Ал Шымкент қаласы Полиция департаментін бұған дейін басқарған Қайрат Дәлбеков енді қызметін Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің құрылымдарында жалғастыратын болады.